Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 1412 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж., N 34, 332-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Шөкеев - Астана қаласының әкімі, төрағаның

      Өмірзақ Естайұлы орынбасары,

      Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Арман Ғалиасқарұлы министрі,

      Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының Президенті

      Болат Ғазизұлы Іс басқарушысының орынбасары;

      аталған Комиссия құрамынан Е.А.Досаев, Т.М.Досмұханбетов шығарылсын.

      2. Осы Жарлыққа қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады