"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 464 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президеитінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы:

      медицина саласын дамытуға бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа:

      білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республнкасының
      Презнденті Қ.ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады