Каспий теңiзi Қазақстан секторының мұнай мен газ шығымдылығы әлеуетiн бағалау жөнiнде Халықаралық Консорциум құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 24 қаңтар 1994 ж. N 1517

      Каспий теңiзi Қазақстан секторының мұнай мен газ шығымдылығының келешегiн зерделеу және шельфтегi кен орындарын одан әрi игеру, әрi Халықаралық консорциумның шетелдiк қатысушыларының құқықтарына кепiлдiк беру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясының, әрi мақсаты Қазақстан Республикасының мүдделерiне сай келетiн "Аджип С.п.А.", "Бритиш Газ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед", "БиПи Қазақстан Лимитед", "ден Норске Статс Ольесельскап а.с.", "Мобил Ойл Қазақстан Инк.", "Шелл Қазақстан Девелопмент Би.Ви.", "Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан" арасындағы халықаралық консорциум құру туралы 1993 жылғы 3 желтоқсандағы Келiсiм мақұлдансын.
      2. Консорциумның шетелдiк қатысушылары үшiн Келiсiмде көзделген жобаның экономикалық, салықтық және құқықтық тәртiбi белгiленiп, Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторында көмiрсутегi шикiзатын барлау мен өндiру жөнiндегi олардың қызметi келiсiлген мерзiмнiң iшiнде сақталатын болсын.
      3. Консорциумның шетелдiк қатысушыларына Келiсiмде көзделген тиiстi көлемге сәйкес көмiрсутегiнiң өз үлесiн кедергiсiз экспортқа шығару құқығы берiлсiн.
      4. Шет ел қатысушыларының барлық қаржылық шығыстары Консорциум туралы Келiсiмге сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және геологиялық барлау жұмыстарына жатқызылатын болып белгiленсiн.
      5. Консорциум Операторы ретiнде "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясына Келiсiмнiң шеңберiнде өз атынан шет ел валютасымен төлемдердi жүзеге асыру және тиiстi республикалық органдармен келiсiп, шет ел банктерiнде шоттар ашу құқығы берiлсiн.
      6. Осы Жарлықпен мақұлданған Келiсiмнiң қағидалары мен

шарттарын өзгерту Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Консорциумға
қатысушылардың жазбаша келiсiмiнiң негiзiнде ғана жүргiзiледi деп
белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     Алматы.1994 жылғы 24 қаңтар
            N 1517
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады