Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, ол сайлауға ұсынатын мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарының лауазымдар тiзбесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 2715. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1999.05.04. N 132 жарлығымен. ~U990132

      Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдауына байланысты және мемлекеттiк өкiмет жүйесiнде тиiмдi келiсiлген кадр саясатын жүргiзу, мемлекеттiң лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, ол сайлауға ұсынатын басшы лауазымды адамдардың лауазымдар тiзбесi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Үкiметпен бiрлесе отырып республика мемлекеттiк органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке сайлауға ұсыну, келiсу, тағайындау және қызметтен босату тәртiбiн анықтасын.
      3. "Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн мемлекеттiк органдардың басшы қызметкерлерiнiң лауазым тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 1994 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 


                                      Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2715 Жарлығымен бекiтiлген


            Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын

           немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, ол сайлауға
           ұсынатын мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды
                         адамдарының лауазымдар
                                Тiзбесi
___________________________________________________________________
                                   |кiм та.   | кiм     | кiммен
                                   |ғайындайды| ұсынады |келiсiлдi
                                   |   және   |         |  
                                   |сайлайды  |         |   
___________________________________________________________________
                1                  |     2    |     3   |    4
___________________________________________________________________
Парламент Сенатының Төрағасы        Парламент   Президент     -

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                   Президент      -        Парламент

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк хатшысы                   -"-          -          -

Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгiнiң
Басшысы                               -"-          -          -

Ұлттық Банкiнiң Төрағасы              -"-          -      Парламент.
                                                             пен
Бас Прокурор                          -"-          -      Парламент
                                                          Сенатымен
Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң төрағасы                  -"-          -         -"-
Мемлекеттiк тергеу
комитетiнiң төрағасы                  -"-          -          -

Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа      Парламент   Президент  Жоғарғы
төрағалары мен судьялары           Сенаты                 Сот
                                                          Кеңесiмен
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы, Төрағаның орынбасары     Парламент
хатшысы және мүшелерi              Мәжiлiсi       -"-         -

Конституциялық Кеңестiң
Төрағасы және екi мүшесi           Президент       -          -

Республикалық бюджеттiң
орындалуын бақылау жөнiндегi
есеп комитетiнiң төрағасы             -"-          -          -

Парламент Сенатының жетi
депутаты                           Президент       -          -

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасарлары                         -"-        Премьер-     -
                                                 Министр
Қазақстан Республикасы
Үкiметi Аппаратының Басшысы           -"-          -          -

Қазақстан Республикасының
министрлерi, Мемлекеттiк
комитеттерiнiң төрағалары             -"-          -          -

Облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың және
астананың әкiмдерi                    -"-          -          -

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Iс Басқарушысы          -"-          -          -

Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерiнiң          -"-      Сыртқы     Премьер-
басшылары                                      iстер     Министрмен
                                               министрi
Баспасөз және бұқаралық
ақпарат iстерi жөнiндегi
ұлттық агенттiктiң төрағасы           -"-

Қазақстан Республикасының Бағалы       -"-      Премьер-    Премьер-
қағаздар жөнiндегi ұлттық                      Министр    Министрмен
комиссиясының төрағасы және                               Әкiмшiлiк
мүшелерi                                                  Басшысымен

Қазақстан Республикасы                -"-      Әкiмшiлiк
Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы                  Басшысы

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Басшысының орынбасарлары              -"-        -"-          -

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң көмекшiлерi,
кеңесшiлерi                           -"-        -"-          -

Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң басшылары              -"-        -"-          -

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Күзет қызметiнiң
бастығы - Республикалық ұланның
Қолбасшысы                            -"-        -"-          -

Бас салық инспекциясының
бастығы - Қаржы министрiнiң           -"-     Премьер-       -
бiрiншi орынбасары                            Министр

Қазақстан Республикасы                -"-     Вице-Прези.
Президентiнiң жанындағы                       дент немесе
Қазақстанның Менеджмент,                      Мемлекеттiк
Экономика және Болжамдау                      хатшы
институтының атқарушы
директоры

Ұлттық жоғары мемлекеттiк         Президент   Әкiмшiлiк   Вице-
басқару мектебiнiң директоры                  Басшысы     Президент.
                                                          пен немесе
                                                          Мемлекеттiк
                                                          хатшымен
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы
Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институтының
директоры                           -"-         -"-         -"-

Қазақстан Республикасы
Президентi Архивiнiң директоры      -"-         -"-          -

Әл-Фараби атындағы Қазақ            -"-      Премьер-
мемлекеттiк ұлттық универси.                 Министр
тетiнiң ректоры

Алматы жалпыәскерлiк командалық     -"-      Қорғаныс    Премьер-
училищесiнiң бастығы                         министрi    Министрмен,
                                                         Қауiпсiздiк
                                                         кеңесiнiң
                                                         хатшысымен
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң Әуе қорғанысы әскер.
лерi, әскери әуе күштерi және
құрлықтағы әскерлер қолбасшылары    -"-        -"-         -"-
Әскер бөлiмдерiнiң командирлерi
(дивизиядан бастап, одан жоғары)    -"-        -"-         -"-

Қазақстан Республикасы Республикалық  -"-  Президенттiң  Қауiпсiздiк
ұланының штаб бастығы -                    Күзет қызме.  кеңесiнiң
Қолбасшының бiрiншi орынбасары,            тiнiң басты. хатшысымен
бригада командирi                          ғы Республи.
                                           калық ұланның
                                           қолбасшысы
Күзет қызметi бастығының бiрiншi
орынбасары, орынбасары - Үкiметтiк
байланыс бас басқармасының бастығы   -"-        -"-         -"-

Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының                ҰҚК
орынбасарлары мен алқа мүшелерi      -"-     төрағасы       -"-

Қазақстан Республикасының                    Мемлекеттiк
Мемлекеттiк шекараны күзету                  шекараны
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң            күзету жөнiн.
әскери институтының бастығы          -"-     дегi Мемкоми.
                                             тетiнiң
                                             төрағасы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк экспорт-импорт
банкi басқармасының төрағасы         -"-     Премьер-       Ұлттық
                                             Министр        банкпен
Қазақстанның Ұлттық Банкi басқар. Президент  Ұлттық         Премьер-
масы төрағасының орынбасарлары               Банктiң        министр.
мен мүшелерi                                 Төрағасы       мен

Облыстардың, республикалық мәнi      -"-     Жоғарғы          -
бар қаланың және астананың                   Сот
соттарының төрағалары, алқа                  Кеңесi
төрағалары және судьялары

Республиканың басқа соттарының
төрағалары мен судьялары             -"-     Әдiлет        Әдiлет
                                             министрi      бiлiктiлiк
                                                           алқасымен
Қазақстан Республикасы Бас           -"-     Бас               -
прокурорының және Мемлекеттiк                Прокурор
тергеу комитетi төрағасының                  МТК төрағасы
орынбасарлары

Қазақ мемлекеттiк ақпарат          Үкiмет       -          Президент.
агенттiгiнiң (ҚазТАГ)                                      пен немесе
директоры                                                  оның тап.
                                                           сыруымен
                                                           Әкiмшiлiк
                                                           Басшысымен
Қазақстан Республикасы
комитеттерiнiң, бас басқар.
маларының, агенттiктерiнiң,
ведомстволарының, инспекция.
ларының төрағалары мен
бастықтары                         -"-            -          -"-

Қазақстан Республикасының          -"-       министрлер,     -"-
министрлерi мен мемлекеттiк                  мемлекеттiк
комитеттерi төрағаларының                    комитеттердiң
орынбасарлары                                төрағалары

Қазақстан Республикасының          -"-       комитеттер       -"-
комитеттерi мен басқармалары.                төрағалары,
ның төрағаларының, бастық.                   басқарма
тарының орынбасарлары                        бастықтары

Бас салық инспекциясы басты.      -"-        Қаржы            -"-
ғының орынбасарлары, Қаржы                   министрi
министрлiгi жанындағы Салық
полициясы басқармасының бастығы

Қаржы министрлiгi жанындағы
Шет ел капиталын пайдалану
жөнiндегi комитет                 -"-          -"-            -"-
Медетшi банктiң және            Үкiмет          -         Президент.
Тұрғынүйқұрылыс банкi                                     пен немесе
басқармаларының төрағалары                                оның тапсы.
                                                          руымен
                                                          Әкiмшiлiк
                                                          Басшысымен,
                                                          Ұлттық
                                                          Банкпен
Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау төрағасы               -"-           -          Президент.
                                                          пен немесе
                                                          оның тап.
                                                          сыруымен
                                                          Әкiмшiлiк
                                                          Басшысымен
Iшкi әскерлер қолбасшысының                  Iшкi
орынбасарлары                    -"-         iстер           -"-
                                             министрi
Қазақстан Республикасының        -"-         Әдiлет          -"-
Авторлық және сабақтас                       министрi
құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк
агенттiгiнiң төрағасы

Ұлттық орталықтардың (ядролық    -"-         Ғылым және      -"-
минералдық шикiзаттарды                      жаңа техно.
кешендi өңдеу жөнiндегi) бас                 логиялар
директорлары                                 министрi

"Атакент" еркiн сауда аймағы
әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы     -"-            -            -"-

"Қазақстанның теледидары мен    Баспасөз        -         Президент.
радиосы" республикалық          және бұқа.                пен,
корпорациясының төрағасы        ралық ақпа.               Премьер-
                                рат iстерi                министрмен,
                                жөнiндегi                 Әкiмшiлiк
                                ұлттық                    Басшысымен
                                агенттiктiң
                                төрағасы

Республикалық газеттер мен
журналдардың бас редакторлары     -"-           -              -"-

Облыстар, республикалық маңызы   Облыс          -              -"-
бар қала және астана әкiмде.     әкiмi
рiнiң орынбасарлары, қалалардың,
аудандардың және қалалардағы
аудандардың әкiмдерi

Облыстардың, республикалық        Бас           -         Президент.
маңызы бар қаланың және          Прокурор                 пен
республика астанасының
прокурорлары

Қазақстан Республикасының IIМ,
Қорғаныс министрлiгi, ҰҚК,
Мемлекеттiк тергеу комитетi      министрлер     -         Президент.
бас басқармаларының, дербес      ҰҚК, МТК                 пен немесе
басқармаларының және бөлiм.      Төрағалары               оның тап.
дерiнiң бастықтары                                        сыруымен
                                                          Әкiмшiлiк
                                                          Басшысымен,
Облыстардағы, республикалық       Әдiлет,       -         Президент.
маңызы бар қаладағы және аста.    Iшкi iстер              пен
надағы әдiлет, ҰҚК, iшкi iстер    министрлерi             Премьер-
басқармаларының, және көлiктегi   ҰҚК, МТК                министрмен,
iшкi iстер басқармаларының,       Төрағалары              Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасының                                 Басшысымен  
Мемлекеттiк тергеу комитетi 
басқармаларының бастықтары

Қазақстан Республикасының          Әдiлет,      -            -"-
Әдiлет және Iшкi iстер             Iшкi
министрлiктерiнiң, Мемлекеттiк     iстер
тергеу комитетiнiң қарамағындағы   министрлерi,
ғылыми, ғылыми-зерттеу меке.       ҰҚК, МТК
мелерi мен оқу орындарының         Төрағалары
бiрiншi басшылары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады