Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруды қоса атқаратын екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 83, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2000 жылғы 3 қарашадағы N 415 Бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 8 желтоқсан N 1323 тіркелді

      Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы  Заңы  10-бабының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 12) тармақшаларының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күшi бар  Жарлығының  8-бабы в) тармағының негiзiнде, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 наурыздағы  Заңының  14-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия") және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы (бұдан әрi - "Ұлттық Банк") қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруды қоса атқаратын екiншi деңгейдегi банкке қойылатын мынадай талаптар белгiленсiн: 
      1) банктiң ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын дербес бөлiмшелердiң бар болуы; 
      2) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң бiрiне олардың екiншiсiнiң құзырлығына қатысты функциялар мен жұмыстарды орындауға тыйым салу; 
      3) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң қаржы рыногындағы қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салу ("Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңы 38-бабының жетiншi бөлiгiнде баяндалған); 
      4) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнде қызметтi қоса атқаруға тыйым салу, банктiң осы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне олардың екiншiсiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүктеуге тыйым салу, банктiң осы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiнiң бiрiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiн олардың екiншiсiнiң қызметкерлерiне өткiзiп беруге (табыстауға) тыйым салу; 
      5) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнде бөлек үй-жайлардың бар болуы; 
      6) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерi ие болып отырған үй-жайларда оларға рұқсат етiлудiң реттелген жүйелерiнiң бар болуы; 
      7) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң бiрiнiң қызметкерлерiнiң олардың екiншiсiнiң үй-жайына кiруiне және бұл қызметкерлердiң осы үй-жайларда болуына тыйым салу; 
      8) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнде есеп жүргiзудiң және құжат айналымының жеке жүйелерiнiң бар болуы; 
      9) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң бiрiнiң қызметкерлерiнiң олардың екiншiсiнiң құжаттамасына және бағдарламалық-техникалық кешендерiне (оның iшiнде мәлiметтердiң электрондық жүйесiне) қол жеткiзуге тыйым салу; 
      10) банктiң кез келген лауазымды тұлғасына және қызметкерiне банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң бiрiндегi ақпаратты (өздерiнiң қызметiнiң күшiнде немесе оларға берiлген құқықтар мен өкiлеттiктердiң күшiнде оларға рұқсат етiлген) банктiң жоғарыда аталған бөлiмшелерiнiң екiншiсiнiң қызметкерлерiне беруге тыйым салу. 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндігі белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыруды қоса атқаратын екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң қызметтерiн (аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн iшкi нормативтiк актiлердi қоса) осы Қаулы күшiне енгiзiлгеннен бастап алпыс күн iшiнде оған сәйкес келтiруге мiндеттелсiн. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн. 
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын екiншi деңгейдегi банктердiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногындағы қандай да болмасын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген екінші деңгейдегі банктердің назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы        Ұлттық Банктің Төрағасы

      Ұлттық комиссияның мүшелері        Ұлттық Банк Басқармасының
                                         мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады