Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуын тоқтату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 482. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 ақпанда тіркелді. N 1397. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқарамасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысымен. ~V011527

      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру қызметiн реттеу жөнiндегi жаңа талаптарға көшуге бейiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" V001162_ 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуы 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмге тоқтатылсын.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк 
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi 
бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру 
ұйымдарына жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.


     Ұлттық Банк
      Төрағасы     
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады