Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 83-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 3 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1843. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 395-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 30.12.2013 № 395-ө бұйрығымен.

      Шекті рауалы шығарынды (ШРШ) және шекті рауалы төгінді (ШРТ) нормативтерін келісу рәсімдерін ретке келтіру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қоршаған ортаны ластағыш заттардың шекті рауалы шығарындылары мен төгінділері нормативтерін келісу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Қоршаған ортаны қорғау комитеті, белгіленген тәртіппен осы Нұсқаулықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қоршаған ортаны қорғау комитетінің Төрағасы Сқақовқа А.А. жүктелсін. 

    Министрдің міндетін
          атқарушы

                                       Қазақстан Республикасы 
                                        Табиғи ресурстар және 
                                        қоршаған ортаны қорғау 
                                     Министрінің міндетін атқарушы 
                                        2002 ж. 21.03. N 83-п 
                                          бекітілді

     Шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтерін 
                  келісу мен бекіту жөніндегі нұсқаулық 

      1. Әрекеттегі кәсіпорындар үшін олардың технологиялық шарттары өзгерген жағдайда шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтері (одан әрі - ШРШ және ШРТ нормативтері) жобаларын Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау органдары жоба құжаттамасын экологиялық сараптама жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырады. 
      2. ШРШ және ШРТ нормативтері жобаларын келісу мен бекіту, олардың қайта қаралуын қамтамасыз етуді табиғатты пайдаланушы жүзеге асырады. 
      3. Келесі жағдайларда шекті рауалы шығарындылар мен төгінділердің бұрын бекітілген нормативтерін олардың әрекет ету мерзімдеріне дейін қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін: 
      1) аумақтағы су объектісіндегі экологиялық және гидрологиялық жағдайдың өзгеруі; 
      2) әрекеттегі қоршаған табиғи ортаны ластау көздерінің жаңа және нақтыланған өлшемдерінің болуы; 
      3) кәсіпорыннан дербес объект болып бөлінетін құрылымдық бірліктер мен бөлімшелердің жекешелендірілуі. 
      4. Қарауға берілетін ШРШ және ШРТ нормативтерінің жобаларында өтініш (ілеспе хат), түсіндірме жазба, ШРШ және ШРТ есептерінің нәтижелері болуы тиіс. 
      5. ШРШ мен ШРТ нормативтері жобаларын қарау мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуге белгіленген мерзімінен аспауы тиіс. 
      6. Жобаны қарауда туындайтын пікір алшақтығын шешу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. 
      7. Ұйымдарға ластағыш заттарды шығаруға және төгуге рұқсат келісілген ШРШ және ШРТ нормативтері жобалары негізінде беріледі. 
      8. ШРШ мен ШРТ нормативтері жобалары Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарымен белгіленген мерзімге бекітіледі.
      9. Атмосфераға және су объектілеріне ластағыш заттар шығарумен төгу үшін төлемнің Қазақстан Республикасының Экологиялық және биоресурстар министрлігі 1994 жылы 9 тамызда бекітіп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қаңтарда N 142 тіркелген Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемді анықтау әдістемесіне сәйкес есеп беретін мөлшерін анықтау кезінде бекітілген шекті-рауалы шығарынды және төгінді нормативтерін басшылыққа алу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады