Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1909 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 қарашадағы N 450. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2095. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 321 қаулысымен.

  ------------------Қаулыдан үзінді---------------------      

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнің (бұда әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

Күшi жойылды деп танылған
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң тiзбесi

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1909 тiркелген Сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" 2002 жылғы 13 қарашадағы N 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2095 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 26 (248) басылымдарында 2002 жылғы 16-31 желтоқсанда жарияланған)...

      Төраға

_______________________________  

    

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210  қаулысына  (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1909 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шiлдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "сақтандыру сыйлықақысы сомасының" деген сөздерден кейiн "қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi(Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады