Ветеринарлық-санитарлық Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2003 жылғы 18 шілдедегі № 173 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 4 тамызда № 2404 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 209 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 05.11.2009 № 209 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi № 339 "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 310 бабы3 бабы 2-тармағына сәйкес және әзiрленген ереженi ескере отырып Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Ветеринарлық-санитарлық Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).

      Он бесiншi сессия
      төрағасы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы

Қарабалық аудандық мәслихаты
екiншi шақырылған он бесiншi
сессиясының                 
2003 жылғы 18 шiлдедегi     
№ 173 шешiмiмен бекiтiлдi   

Ветеринарлық-санитарлық
ЕРЕЖЕСI

      1. Ауылшаруашылық мал иелерi мерзiмiнде өткiр инфекциялық ауруларды алдын-алуға байланысты, барлық ветеринарлық-санитарлық iс-шараларды өткiзуге мiндеттi.
      2. Өлген малды уақытында иесiмен мал зиратына шығарылады, ол туралы дереу ветеринарлық жұмыскерлерiне (инспектор) хабарланады.
      3. Инфекциялық малды, сондай-ақ ветеринарлық өңдеуден өткiзбеген малды бағуға тыйым салынады.
      4. Қоғамдық табында жеке иелерiне жататын бiр жастан үлкен өгiздi бағуға тыйым салынады. Жеке табын ұйымдарымен немесе иенiң үнемi бақылауымен өгiздi бағуға рұқсат етiледi.
      5. Өткiр инфекциялық аурулар кезiнде ауылшаруашылық мал иелерi карантиннiң талаптарын сақтауға мiндеттi. Ұдайы өндiрiс, айдауда, малды тасуда, сондай-ақ нарықта ауылшаруашылық өнiмдерiн сатуда, дайындауда, сақтауда және тасуда санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтау.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚРЗ "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 310 бабына сәйкес азаматтарға немесе лауазымды тұлғаларға осы Ереженi бұзғаны үшiн ескерту немесе айыппұл салуға әкелiп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады