Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 34-5 және N 165 бірлескен шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 қыркүйекте N 2294 тіркелген.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.06.2017 № 149 бірлескен қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 01.06.2017 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.06.2017 № 149 бірлескен қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 01.06.2017 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері төмендегідей көлемде белгіленсін:

      1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын жерде 0,40 гектар және суармалы жерде 0,25 гектар;

      2) облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,20 гектар және Орал қаласында 0,12 гектар;

      3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,15 гектар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.06.2017 № 149 бірлескен қаулысымен және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 01.06.2017 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысының м. а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады