Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы № 165 және № 34-5 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 149 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-6 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 маусымда № 4828 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 23 тамыздағы №165 және №34-5 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2294 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы";
      кіріспе бөлігі (кіріспесі) мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері төмендегідей көлемде белгіленсін:
      1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын жерде 0,40 гектар және суармалы жерде 0,25 гектар;
      2) облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,20 гектар және Орал қаласында 0,12 гектар;
      3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,15 гектар.".
      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов
      Сессия төрайымы Л.Тұрсынова
      Облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады