Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі банк шоттарындағы қалдықтары жөніндегі есептің нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 79, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 151 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2937. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 162 (V053722) қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері қызметінің айқындық дәрежесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
      1. Осы бірлескен қаулының қосымшасына сай сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі - банктер) банк шоттарындағы қалдықтары жөніндегі есептің нысаны бекітілсін.
      2. Банктер ай сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға банктің мөрімен куәландырылған, банктің бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған, электрондық байланыс арқылы және қағаз тасымалдаушысында есепті айдан кейінгі айдың төртінші жұмыс күнінен, Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей, осы бірлескен қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.
      3. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
      4. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің және Ұлттық Банктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бірлескен қаулыны алған күннен бастап бес күндік мерзімде оны Ұлттық Банктің ресми баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Қазақстан Республикасы
       Ұлттық Банкінің Төрағасы

       Қазақстан Республикасының
       Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің төрағасы

"Сақтандыру (қайта сақтандыру)    
ұйымдарының және сақтандыру      
брокерлерінің Қазақстан        
Республикасының екінші деңгейдегі   
банктеріндегі банк шоттарындағы    
қалдықтары жөніндегі есептің     
нысаны мен мерзімін бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасының Ұлттық   
Банкінің 2004 жылғы 31 мамыр N 79 және 
Қазақстан Республикасының Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу 
мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 
2004 жылғы 31 мамыр N 151      
Басқармаларының қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің банк шоттарындағы қалдықтары туралы есеп
____________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің атауы)
________________ жағдай бойынша

                                                          мың теңге
____________________________________________________________________
Рет| Сақтандыру |            Ағымдағы және карт шоттары
нө.|  (қайта    |__________________________________________________
мі.| сақтандыру)| Бар.|    шоттардағы ақша  |  есептелген сыйақы
рі |  ұйымының/ | лығы|        сомасы       |        сомасы
   | сақтандыру |     |_____________________|_______________________
   | брокерінің |     |      |теңгеге |     |      |теңгеге |
   |   атауы    |     |теңге.|есептел.|жиын.|теңге.|есептел.|жиын.
   |            |     | мен  |  ген   |тығы | мен  |  ген   |тығы
   |            |     |      | шетел  |     |      | шетел  |
   |            |     |      |валюта. |     |      |валюта. |
   |            |     |      |сындағы |     |      |сындағы |
   |            |     |      | ақша   |     |      | ақша   |
   |            |     |      |қалдығы |     |      |қалдығы |
____________________________________________________________________
 1 |     2      |  3  |  4   |   5    |  6  |   7  |   8    |   9

    Барлығы:
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_________________________________________________________
          Талап еткенге дейінгі салымдар
_________________________________________________________
       | Негізгі борыш сомасы| есептелген сыйақы сомасы
Барлығы|_____________________|___________________________
       |      |теңгеге |     |      |теңгеге |
       |теңге.|есептел.|жиын.|теңге.|есептел.|жиынтығы
       | мен  |  ген   |тығы | мен  |  ген   |
       |      | шетел  |     |      | шетел  |
       |      |валюта. |     |      |валюта. |
       |      |сындағы |     |      |сындағы |
       |      | ақша   |     |      | ақша   |
       |      |қалдығы |     |      |қалдығы |
_________________________________________________________
  10   |   11 |  12    |  13 |  14  |   15   |   16
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________

кестенің жалғасы
_________________________________________________________
               Мерзімді салымдар
_________________________________________________________
       |негізгі борыштың сомасы| есептелген сыйақы сомасы
Барлығы|_______________________|___________________________
       |      | теңгеге  |     |      |теңгеге |
       |теңге.| есептел. |жиын.|теңге.|есептел.|жиынтығы
       | мен  |   ген    |тығы | мен  |  ген   |
       |      |  шетел   |     |      | шетел  |
       |      | валюта.  |     |      |валюта. |
       |      | сындағы  |     |      |сындағы |
       |      |  ақша    |     |      | ақша   |
       |      | қалдығы  |     |      |қалдығы |
_________________________________________________________
  17   |   18 |   19     |  20 |  21  |   22   |   23
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________

кестенің жалғасы
_________________________________________________________
                  Шартты салымдар
_________________________________________________________
       |  негізгі борыш сомасы | есептелген сыйақы сомасы
Барлығы|_______________________|___________________________
       |      | теңгеге  |     |      |теңгеге |
       |теңге.| есептел. |жиын.|теңге.|есептел.|жиынтығы
       | мен  |   ген    |тығы | мен  |  ген   |
       |      |  шетел   |     |      | шетел  |
       |      | валюта.  |     |      |валюта. |
       |      | сындағы  |     |      |сындағы |
       |      |  ақша    |     |      | ақша   |
       |      | қалдығы  |     |      |қалдығы |
_________________________________________________________
  24   |   25 |   26     |  27 |  28  |   29   |   30
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________

      Бірінші басшы ____________________ күні __________

      Бас бухгалтер ____________________ күні___________

      Орындаушы _________________

      Телефоны:____________
      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады