Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3045. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.11.28 N 195 Қаулысымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді -----------------

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 83-бабына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      .......
      19. Агенттік Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3045 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, N 16, 129-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      20. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      ........
      24. ...

      Төрайым                                         Е. Бахмутова
      

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді :
      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына негізгі функциялары:
      1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
      2) бағалы қағаздардың листингі және листингтен кейінгі рәсімдер;
      3) биржа ақпаратымен жұмыс істеу;
      4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметіне бағдарламалық қолдау көрсету;
      5) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметіне техникалық қолдау көрсету;
      6) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылатын дербес бөлімшелер жататындығы белгіленсін.
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыларға жіберсін.
      5. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өздерінің ұйымдық құрылымын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспа басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының "Сауда-  
саттықты ұйымдастырушының ұйымдық
құрылымына қойылатын талаптар  
туралы және Сауда-саттықты    
ұйымдастырушының сауда жүйесінде 
жасалатын мәмілелерге қадағалау 
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
сауда-саттықты ұйымдастырушының 
ұйымдық құрылымының қызметін   
жүзеге асыру ережесін бекіту   
жөнінде" 2004 жылғы 12 маусымдағы 
N 152 қаулысымен бекітілген  

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде
жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының
ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі

      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздардың бағасымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз беретін (бұдан әрі - күмәнды) бағалы қағаздармен мәмілелерді анықтау;
      мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) тапсыру;
      сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.

      2. Қадағалау бөлімшесін бастық (сауда-саттықты ұйымдастырушының штаттық кестесінде мұндай лауазым болған жағдайда) басқарады және оған сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органының мүшесі жетекшілік етеді.

      3. Бағалы қағаздармен мәмілелерді күмәнды мәмілелер санына жатқызу критериялары (бұдан әрі - критериялар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген.

      4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнды мәмілелерді анықтаған кезде есеп дайындайды әрі оған мыналар жатады:
      оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәндылардың санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;
      күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
      өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
      есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қолы;
      қадағалау бөлімшесі бастығының қолы (сауда-саттықты ұйымдастырушының штаттық кестесінде мұндай лауазым болған жағдайда);
      қадағалау бөлімшесі жетекшісінің мұндай есепті уәкілетті органға бергендігі туралы қарары.

      5. Күмәнды мәміле туралы есеп мұндай мәміле жасалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалып, уәкілетті органға жіберіледі.

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер бойынша қадағалау бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңдарын және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарын басшылыққа алып отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады