Ақмола облысы әкімінің "Ақмола облысы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы" 2003 жылғы 12 мамырдағы N 15 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 27 қыркүйекте N 3158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 02.04.2009 № 7 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, атқарушы органдардағы кадрлар ауысуына байланысты облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысы әкімінің "Ақмола облысы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы" 2003 жылғы 12 мамырдағы N 15 шешіміне (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылы 4 шілдеде 1905 нөмерімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      8-тармағы мынадай жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін";
      Жоғарыда аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
      Жоғарыда аталған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшаның жаңа редакциясында мазмұндалсын;
      3-қосымшадағы 3-тармақтың 8-тармақшасы "8.Санитарлық эпидемиялық және радиациялық қорғау" сөзі "8.Радиациялық және химиялық қорғау" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Отаровқа жүктелсін.

      Облыс әкімі м.а.

Ақмола облысы әкімінің  
2005 жылғы 7 қыркүйектегі N 17
шешіміне N 1 қосымша   
Облыс әкімінің     
"Ақмола облыстық     
Азаматтық қорғаныс және 
төтенше жағдайлар қызметі туралы"
12 мамырдағы 2003 ж.  
N 15, N 1 қосымша шешімімен бекітілді

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі
облыстық қызметтердің тізбесі және олардың құрылу негізі

      1. Хабар тарату және байланыс қызметі. Облыстық телекоммуникация дирекциясының негізінде құрылды (келісімі бойынша).

      2. Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі. Ақмола облысы ішкі істер департаменті негізінде құрылды (келісімі бойынша).

      3. Өрттен сақтандыру қызметі. Ақмола облысы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқармасы негізінде құрылды.

      4. Медициналық қызмет. Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаменті негізінде құрылды.

      5. Сауда және тамақтандыру орындарының қызметі. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің негізінде құрылды.

      6. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі. Ақмола облыстық ауыл шаруашылық департаментінің негізінде құрылды, "Республикалық ветеринарлық лаборатория" РГП Ақмола облыстық филиалымен және "Республикалық ветеринарлық лаборатория" РГП Ақмола облыстық аймақтық филиалымен келісім бойынша.

      7. Ақпарат қызметі. Ақмола облыстық ішкі саясат департаменті негізінде құрылды.

      8. Радиациядан және химиядан қорғану қызметі. Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті негізінде құрылды.

      9. Инженерлік қызмет. Ақмола облыстық сәулет, қала құрылысы, құрылыс департаменті негізінде құрылды.

      10. Көлік тасымалы қызметі, (автомашина, темір жол, әуе тасымалы). Ақмола облысы жолаушыларды тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізінде құрылды, „Қазақстан темір жолы" "Ұлттық компаниясы" Ақмола тасымалдау бөлімшесі акционерлік қоғамы филиалымен және "Авиакомпания Көкшетау" ашық акционерлік қоғамымен келісім бойынша.

      11. Энергетика қызметі. "Ақмола ЭҮК" ЖАҚ, "Көкше-Энерго" ЖШС-тің негізінде құрылды (келісімі бойынша).

      12. Жанар-жағармай материалдары қызметі. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті негізінде құрылды.

      13. Жол және көпірлер қызметі. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту Комитетінің Ақмола облыстық басқармасы негізінде құрылды.

      14. Коммуналдық-техникалық қызмет. Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының негізінде құрылды.

      15. Техникалық қызмет. "Қазақавтожол" РМК Ақмола филиалының негізінде құрылды (келісім бойынша).

Ақмола облысы әкімінің
2005 ж. 7 қыркүйектегі N 17
шешіміне N 2 қосымша
Облыс әкімінің
"Ақмола облыстық
Азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметі туралы"
12 мамырдағы 2003 ж.
N 15, N 1 қосымша шешімімен бекітілді

      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі
     облыстық қызметтердің бастықтары болып тағайындалған
                Ақмола облысы ұйымдары лауазымдық
                     тұлғаларының тізімі

Сексенбаев Жәркен Кәкімұлы            - хабар тарату және

Ақмола облыстық телекоммуникация        байланыс қызметі

дирекциясының бас директоры

(шешім бойынша)


Түсіпбеков Дауыл Төлеутайұлы          - қоғамдық тәртіпті

Ақмола облысы ішкі істер                қорғау қызметі

департаментінің бастығы 


Ысқақов Зейнелғаби Ысқақұлы           - өрттен сақтандыру қызметі

Ақмола облысы төтенше жағдайлар

саласындағы мемлекеттік бақылау

және қадағалау бойынша

басқарма бастығы (келісім бойынша)


Сәдуақасов Нұрбек Қабыкенұлы          - медициналық қызмет

Ақмола облыстық денсаулық сақтау

департаментінің директоры


Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы      - сауда және тамақтандыру

Ақмола облыстық кәсіпкерлік және        орындарының қызметі

өнеркәсіп департаменті директорының

орынбасары


Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы        - жануарлар мен

Ақмола облыстық ауыл шаруашылық         өсімдіктерді қорғау қызметі

департаментінің директоры                                     


Байдәулетова Күләш Ақанқызы           - ақпарат қызметі

Ақмола облыстық ішкі саясат

департаментінің директоры


Еремеев Александр Максимович          - радиациядан және химиядан

Ақмола облыстық мемлекеттік             қорғану қызметі

санитарлық-эпидемиологиялық

қадағалау департаментінің директоры


Мартыненко Александр Григорьевич      - автокөлік тасымалы қызметі

Ақмола облысы жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы

бастығының орынбасары


Зотов Григорий Николаевич             - энергетика қызметі

"Ақмола ЭҮК" ЖАҚ басқарма

бастығының бірінші орынбасары


Батаев Берік Әділгерейұлы             - ЖЖМ қызметі

Ақмола облыстық кәсіпкерлік

және өнеркәсіп департаментінің

директоры


Долгих Геннадий Васильевич            - жол және көпірлер қызметі

ҚР көлік және коммуникация

Министрлігінің көлік инфрақұрылымын

дамыту комитеті Ақмола облыстық

басқармасының бастығы


Митрофанов Анатолий Филиппович        - инженерлік қызмет

Ақмола облыстық сәулет, құрылыс,

қала құрылысы департаментінің

директоры


Мырзахметов Болат Кәмәлиұлы           - коммуналдық-техникалық

Ақмола облысы жолаушылар                қызмет

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасының бастығы


Құлышов Бегалы Шорманұлы              - техникалық қызмет

"Қазақавтожол" республикалық

мемлекеттік кәсіпорынның

Ақмола филиалының директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады