Алматы қаласында жұмыссыздарды 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға  жiберу туралы  

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы N 8/1574 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 731 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 10/1245 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын , 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын басшылыққа алып және III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV-сессиясының 2005 жылғы 24 наурыздағы "Алматы қаласының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы" N 130 шешімімен бекітілген Алматы қаласының 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2007 жылға арналған ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң ұсынылған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға келісім-шартқа отыруға өкілетті болсын.
      3. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi қала бюджетiнiң 2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуін жүзеге асырсын;
      қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi деңгейдегі банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.
      4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі 1,5 айлық жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы "2006 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы" N 5/813 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде ретпен тіркелген N 688, 2006 жылғы 28 қаңтарда N 18 "Вечерний Алматы", 2006 жылғы 7 ақпанда N 14 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған алғашқы күннен  бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкiмi                     И. Тасмағамбетов
      Әкiмдiк хатшысы                            К. Тәжиева

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 30 желтоқсандағы
N 8/1574 қаулысымен бекітілген

Алматы қаласындағы 2007 жылға арналған ұйымдар,
қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI*

N

Жұмыс түрлерi

Жұмыс
iстейтiн адам саны

Жұмыс берушiлер

1.

Тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық ұйымдарына  аумақтарын жинауға көмек беру

2531

"Тұран" тұрғын жай меншік иелері кооперативiнің қауымдастығы, "Iсмер" тұрғын жай меншік иелері кооперативiнің қауымдастығы, "Мақсат" тұрғын жай меншік иелері кооперативiнің қауымдастығы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімі, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты", "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты" көркейту бөлiмi, "Қарасу", "Ұлжан ұлысы", "Заря Востока ХХI" қоғамдық бірлестіктері, "Самғау фирмасы" Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі, "Жетісу" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі және т.б.

2.

Жол салу және оны жөндеу жұмыстары

188

Жол - пайдалану учаскелерi және т.б.

3.

Өңірлік экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

386

"Көгалдандыру" Акционерлік қоғамы, "Тәртіп" Акционерлік қоғамы және т.б.

4.

Өңірлік қоғамдық науқандарын ұйымдастыруға көмек көрсету

1770

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті күзету қоры" қоғамдық бірлестігі, "Правопорядок-Т"  қоғамдық қоры, құқық қорғау органдары мен  халық жасақтарына көмек көрсету қоры қоғамдық қоры, аудандық әділет басқармасы, "Қорғаныс істері жөніндегі  басқармасы" мемлекеттік мекемесі, жергілікті өзiн-өзi басқару комитеттері, "Қазақ тiлi" қоғамдық бірлестігі және т.б.

5.

Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен жұмыс жасау және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу 

1125

"Дана" отбасын қолдау орталығы, "Қамқорлық" дағдарыс орталығы, "ЖКТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі, "Мүгедектер  ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігі, Мүгедектер қоғамы, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, аулалық клубтар, Балалар шығармашылық үйлерi, Көпбалалы отбасылар одағы, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, Балаларды қолдау орталығы, "Қазақтың соқырлар қоғамының тәжірибелік кәсіпорыны"  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мемлекеттік мекемесі, қоғамдық бірлестігі "Әйелдер бастамасының қалалық орталығы" қоғамдық бірлестігі, Көп балалы аналардың "Ғибрат" Республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек биржасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны  және т.б.


БАРЛЫҒЫ

6000


      * Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2007 жылға арналған қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады