Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына толықтыру енгізу және кейбір қаулылардың күшін жою туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 маусымдағы N 163 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 2495 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 28.01.2008 № 31 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 2728 баптарына сәйкес, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына (Атырау облысы Әділет департаментінде 2004 жылы 4 мамырда N 1947 тіркелген, 2004 жылғы 3 тамыздағы N 89 "Атырау" және 2004 жылғы 20 мамырдағы N 57 "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған, облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 165 қаулысымен өзгеріс енгізілді, Атырау облысы Әділет департаментінде 2006 жылы 10 шілдеде N 2465 тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі N 90 "Атырау" және "Прикаспийская коммуна" газеттерінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      "Қорғау аймағында қозғалтқыштың жұмыс жасау тәртібі мен ұйғарынды қуатты" деген 5-бағанада:
      3-жолдағы "қозғалтқыштың қуаты 150 ат күшінен кем емес" деген сөздерден кейін "тахометр болған жағдайда 251 ат күшіне дейін қозғалтқыш қуатына рұқсат етіледі. Қозғалтқыштың қорғау аймағындағы жұмыс жасау тәртібі минутына 1000 айналымнан аспауы керек." деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 88 "Облыс әкімиятының 2004 жылғы 2 сәуірдегі N 83 "Каспий теңізі солтүстік бөлігінің қорық аймағында су көлігін пайдалану тапсырыстық тәртібімен қоса қорғалу аймағын орнату туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 13 наурыздағы N 72-а "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Тасыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады