Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 340 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қаңтарда N 5-5-72 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 525 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009.01.23 N 525 қаулысымен.
      
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы оқитын жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің қағидасы бекітілсін.(№ 1 қосымша)
      2.Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеуге бөлінген қаржылар туралы бекітілсін.(№ 2 қосымша)
      3.«Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің қағидасын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 14 наурыз 2005 жылғы № 751 санды қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 2322 27.04.2005 жыл, «Абай ауылы» газетінде № 12-13 (5981-82) 16-30.06.2005 жылы жарияланған) күші жойылсын.
      4.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Сүлейменге жүктелсін.
      5.Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      6.Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудан әкімі                               Б. ҮЙСІМБАЕВ
      

      Абай ауданы әкімдігінің
      28 желтоқсандағы 2007 жылғы
      № 340 қаулысының
      № 1 қосымшасы

Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан
      жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру,тамақтану,
      тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ҚАҒИДАЛАРЫ.

       Осы ережелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

      1.ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

      1.Осы қаулының Қағидаларында қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1)өтініш беруші- кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
      2)шығындарды өтеу- өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
      3)мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат- қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы,жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгіленген мақсатты топқа енгізілген азамат.
      2.Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
      3.Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуіне қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелері жүргізеді.
      4.Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5.Өтініш берушілер медициналық куәландыруды қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша өтеді.
      6.Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
      7.Қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.

      2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

      1.Өтініш беруші қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
      2.Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәләметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.

      3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

      1. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1)тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмері көрсетілген жазбаша өтініш;
      2)теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      3)медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.

      4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ.

      1.Шығындардың толық өтелуі:
      1)мединциналық куаландыру – құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
      2)өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайту жолына құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
      2.Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1)өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта- ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда.
      2)Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында үш айлық есептік көрсеткіште өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатқханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеикіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – айында екі айлық есептік көрсеткіште.
      3.Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

      5.ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ.

      1.Шығындарды төлеудің төлемі «Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға» қаралған облыстық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
      2.Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізідеді. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      3.Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар үсынған кезде бір ай ағымында жүргізіледі.
      4.Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.

      Абай ауданы әкімдігінің
      28 желтоқсандағы 2007 жылғы
      № 340 қаулысының
      № 1 қосымшасы

      2008 жылы материалдық көмек керек ететiн отбасыларына
       кәсiптiк бiлiм беру, қайта даярлықтан өткiзу туралы.

Рет
саны

Мамандықтың түрлері

Оқу

Оқу орындары

Оқитын адам саны

Мерзімі
(ай)

Ақысы
1 айға болжам
(тенге)

1

Газэлектрмен дәнекерлеуші

3

3

9400

«Семей Құрлыс» колледжі.

2

Экскаватор-
мәшинәсі

2

4

6600

«Семей Құрлыс» колледжі.

3

Жүргізуші ВС

5

4

9500

«Семей Құрлыс» колледжі.

4

Өңдеу құрлыс жұмыстары шебері

2

4

8000

«Семей Құрлыс» колледжі.

5

Ағаш ұстасы

1

3

8900

«Семей Құрлыс» колледжі.

6

Жиһаз ұстасы

1

4

8900

«Семей Құрлыс» колледжі.

7

Аспазшы-
кондитер өнімдерін өндіру

3

4

6600

«Болашақ» кәсіптік техникалық мектеп.

8

Шаштаразшы

4

4

6600

«Болашақ» кәсіптік техникалық мектеп.

9

Әмбебап тігінші

3

4

6600

«Болашақ» кәсіптік техникалық мектеп.

10

Оператор ПЭВМ
компьютер.
(білімін көтеру мақсатында)

4

2

6000

«Болашақ» кәсіптік техникалық мектеп.

11

1С-Бухгалтер (білімін көтеру мақсатында)

3

3

6000

«Болашақ» кәсіптік техникалық мектеп.

12

Іс қағаздар менеджері

3

5

6000

«Білім» қоғамы


Жиыны:

26

*

*

*

      
      Абай аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                        С. Татиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады