"Кедендік бақылау аймақтары туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 574 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5377 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21  № 474Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 434-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Кедендік бақылау аймақтары туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2285 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 (135) "Ресми газетте" жарияланған ), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік бақылау аймақтарын құру, белгілеу және оған кіру ережесінде:
      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етіледі. " .
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                         Б. Жәмішев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады