Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылындағы жеке шаруа ауласында ауыл шаруашылық мал арасындағы құтыру ауруының шығуына байланысты "Қайнар" ауылы аймағына шектеу енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 124 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 22 қазанда N 2-12-93 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 384 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009.12.25 N 384 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, облыстық мал дәрігерлік зертхананың 2008 жылдың 22 қыркүйегіндегі N 2496/1040, N 2498/1041 сараптамалары, Қаратал аудандық бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 44 хабарламасы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2008 жылдың 24 қыркүйегіндегі хаттамасы негізінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауылдық округінің "Қайнар" ауылында тұратын Р. Хасхановтың ауласындағы мүйізді ірі қара малдары ішінен құтыру ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, Қайнар ауылы аймағына шектеу енгізілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.
       3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады