Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 мамырдағы N 97 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 3 маусымда N 2-14-58 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 9)-тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 177 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруы туындаған жағдайға байланысты төмендегі карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шаралары енгізілсін:
      1) Мұсабек ауылына (65 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 233 сараптамасы);
      2) "Алрун" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан Сасық мал қыстауына (22 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 231 сараптамасы).
      2. Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Қабдолданов (келісім бойынша), Көксу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Е.Ешкенов (келісім бойынша) сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
       4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Бейсеновке жүктелсін.
       5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Әбдірахманов

Көксу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 7 мамырдағы
"Карантиндік аймақтарға
ветеринариялық режим мен
шектеу іс-шараларын енгізу
туралы" N 97 қаулысына
қосымша

Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Р/с

Іс-шараның аталуы

Орындау мерзімі

Орындауға
жауаптылар

1. Ұйымдық-шаруашылықтық шаралары.

1

Ауылдық округтердегі
ауылшаруашылық
малдардың толық есебін
жүргізу.

Тұрақты түрде

Кенттік, ауылдық
округтерінің
әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары (келісім бойынша)

2

Арнайы мал соятын
орындар мен өлген
малдарды тастайтын
шұңқырды әрбір елді
мекенде жасау жұмысын
жалғастыру.

Жыл аяғына дейін

Кенттік, ауылдық
округтерінің
әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)

2. Арнайы ветеринариялық шаралар.

3

Сарып ауруына оң нәтиже
беріп тіркелген
малдарды тез арада
жалпы отардан аластау.

Сараптау актісін
алысымен

Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)

4

Ауру болып тіркелген малдарды
ветеринариялық-
санитариялық талаптарға
сай есепке қойып, жою.

3 күн ішінде

Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері (келісім бойынша)

5

Мал тұрған қоралар мен
ауланы қидан тазарту
және мал тұрған
орынды арнайы
дәрілермен
залалсыздандыру.

Тез арада, мал
жойылғаннан кейін

Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)

6

Ауру шыққан ауладағы
қалған малдардан 15-20
күн сайын қан алынып,
2 қайтара таза шыққанша
сарып ауруына қарсы
тексеру.

Тұрақты түрде

Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)

7

Ауру мал шыққан
ауладағы адамдарды
сарып ауруына қарсы
тексеру.

Мамыр

Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)

8

Аудан тұрғындары
арасында сарып ауруына
қарсы шаралар және
сақтану жөнінде
үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізу.

Тұрақты

Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)

      Аудан әкімінің орынбасары                  М. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады