Үштөбе, Самарқанд селолық округтарында бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 30/1 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 10 желтоқсанда N 8-11-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 01/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2010.01.15 N 01/03 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 911 бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының шаруашылықтары мен аулаларында ірі қара және ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының аулаларында ірі қара және ұсақ малдар арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
      1) округ аумағына сау малдарды тасымалдауға (әкелуге), тек оларды союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;
      3) бруцеллезбен ауырған малдарды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген малдар тез арада басқа малдардан оқшаулансын және олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан, бордақыламай 5 күн мерзім ішінде союға өткізілсін;
      3. Бруцеллезге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.
      4. Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының әкімдері мемлекеттік ветеринариялық инспекторларға шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.
      5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) шектеу іс-шараларын белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз етсін. Ауыл шаруашылығы малдары бруцелімен күресудің және алдын алудың іс-шаралар жоспары әзірленсін.
      6. Аудандық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясымен (келісім бойынша) бірлесіп, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейтсін.
      7. Бұқар жырау ауданы бойынша облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық филиалы (келісім бойынша) Үштөбе, Самарқанд селолық округтарының тұрғындары арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейтсін, бруцеллезбен ауырған, сонымен қатар олармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.
      8. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 19/2 "Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-38, N 27 аудандық "Сарыарқа" газетінде 2007 жылдың 7 шілдесінде жарияланған), 2007 жылғы 23 қыркүйектегі N 30/6 "Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 19/2 "Ақбел, Үштөбе, Петровка, Қарақұдық, Шешенқара, Көкпекті, Үміткер, Ростовка, Белағаш, Ботақара, Молодецкий, Корнеевка, Самарқанд, Қаражар, Ақтөбе селолық округтарында және Ботақара кентінде бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-46, N 43 аудандық "Сарыарқа" газетінде 2007 жылдың 27 қазанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

      Келісілген

      Аудандық ішкі істер
      басқармасының бастығы
                   С. Алиев
      14.11.2008 ж.

      Бұқар жырау ауданы бойынша
      Қарағанды облысы мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының
      бөлім бастығы
                       С. Сембаев
      14.11.2008 ж.

      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы Министрлігінің
      Бұқар жырау аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
                          Е. Кусаев
      14.11.2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады