Пионер селолық округінің Приишимское аулының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 20/05 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 маусымда N 8-15-89 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 19/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 31.03.2014 № 19/02 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Пионер селолық округінің Приишимское аулының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ірі қара мал иелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның актілерінде көзделген талаптарына сәйкес шектеу іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Оспанов Ғалым Хамиұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген шектеу іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                О. Қаппасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы Министрлігінің Осакаров
      аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
      Ғ.Х. Оспанов
      2008 жыл 21 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады