"Тереңөзек кентінде үй жануарларын күтіп ұстаудың Қағидасын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қызылорда облысы Cырдария аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 80 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 маусымда N 10-8-67 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Cырдария аудандық мәслихатының 2009.07.10. N 168 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6-бабынажәне "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕДІ:
      1. Тереңөзек кентінде үй жануарларын күтіп-ұстаудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      V сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                                А. Атақаев

2008 жылғы 24 сәуірдегі
аудандық мәслихаттың
кезекті V сессиясының N 80
шешіміне бекітілсін

      Тереңөзек кентінде үй жануарларын күтіп-ұстаудың
ҚАҒИДАСЫ       1. Жалпы ережелер

      1. Тереңөзек кентінде үй жануарларын күтіп-ұстаудың Қағидасы
( бұдан әрі Қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасындағы "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес дайындалған.
      2. Осы Қағидада төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
      3. Жануарлар-ауылшаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар,
ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың барлық түрлері, сонымен қатар
олардың будандары.
      4. Жануардың егесі-меншік түріне қарамастан өзінің меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға.
      5. Жануарларды күтіп ұстау-жануарлар егелерінің малдарының денсаулығын сақтауға, ветеринариялық-санитарлық талаптарды сақтай отырып мал тегіндік өнімдер алуға, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін, аулалардың санитарлық тазалығын және абаттандыруға, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауға жасаған әрекеті.
      6. Осы Қағида талаптары Тереңөзек кенті аумағында тұратын барлық жануарлардың егелеріне әрекет етеді.

2. Жануар егесінің жануарларды күтіп-ұүстаудың тәртібі.

      7. Осы Қағида мен Қазақстан Республикасындағы заңдылықтарында қаралған тәртіптерді сақтай отырып жануарды сатып алуға, өзінен шығаруға (оның ішінде сату жолымен, сыйлау, айырбастау және т.б.) мүмкіндігі бар;
      8. жануарларды күтіп-ұстаудың тәртібі туралы мәліметті ветеринариялық мекемелерден алуға мүмкіндігі бар;
      9. Үй жануарлары - жануар егесінің жеке меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.
      10. жануарлар ауруының алдын алу үшін ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды Қазақстан Республикасы заңдылықтарында қаралған ветеринариялық-санитарлық ережелерді сақтау қажет;
      11. жануарлар адамға қарсы әрекет жасаған жағдайда ветеринариялық қадағалау органдарына хабарлау қажет;
      12. ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз ету керек;
      13. бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
      14. жануар өлген жағдайда, ол туралы санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын арнаулы мекемеге хабарлап, жануарлардың өлігін тапсыру;

3. Жануарларды күтіп-ұстау Жеке және заңды тұлғаларға малдарды жайылымсыз корада ұстауға рұқсат етіледі

      15. жануарларды жеке және заңды тұлғаларға жайылымсыз бөлек қорада ұстап, күтіп бағуға;
      16. жануарларды жеке үйде арнаулы құрастырылған жабық қораларда
ұстап, тұрғын үйден қашықтығы алшақ болуы, жануар мен құстар тұратын
қоралар үнемі тазартылып, ол арнайы қи сақтайтын орынмен қамтамасыз етілуі қажет.
      17. қораның едені ағаштан немесе торланған ағаштан соғылып,
залалсыздандыратын дәрі-дәрмек әрекетіне төзімді материалмен төселіп, 2-3 градусқа еңкіш болуы тиіс.
      18. Қора су жүйесімен, лас су ағатын жүйемен, айдау-тарту желдеткішімен жабдықталып, қиды міндетті түрде залалсыздандырып, қайта өңдеуден кейін органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуы тиіс.
      19. Қораның 1 м куб көлемінде газдың шоғырлануы төмендегі өлшемнен аспауы керек:
      а) көмірқышқыл газы-0,2 %,
      б) аммиак - 10-20 мг/м куб.

4. Жануарларды сату және сатып алу

      20. Жануарлардың саудасы жануарлар сататын арнаулы базарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Жануарларды Тереңөзек кентіне басқа жерлерден әкелу және әкету өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
      22. Жануарларды кенттен тысқары жерге тасымалдау (орын ауыстыру) және әкелу бекітілген үлгідегі ветеринарлық куәлік пен ветеринарлық паспорты болған жағдайда ғана іске асырылады.

5. Жануарлар егелерінің осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі

      Осы Қағиданы бұзған жануарлардың егелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады