А.Тоқмағанбетов, Шаған, Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жауарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 617 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 12 желтоқсанда N 10-8-79 тіркелді. Күші жойылды - Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 қарашадағы N 566 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009.11.11 N 566 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабына, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі қаулысының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. А.Тоқмағанбетов, Шаған, Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан, соның ішінде А.Тоқмағанбетов және Шаған ауылдық округтерінде мүйізді ірі қара малдардан, Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінде ұсақ малдардан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.
      2. А.Тоқмағанбетов, Шаған, Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінің әкімдері аудандық аумақтық инспекциясымен (М.Наурызбаев, келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің кіргізілуі мен шығарылуына, жануарлардың диагностикалық зерттеуден түгел өтуіне қатаң бақылау жасап отыру ұсынылсын.
      3. Сырдария аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (П.Өмірәлі, келісім бойынша) ауру малдар анықталған отбасы мүшелерінің түгел медициналық тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б.Мұсағұлов, келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    С. Тәуіпбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"     

      "келісілді"
      Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы                               Марат Наурызбаев
"__" қараша 2008 ж.                                  

      "келісілді"
      Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринариялық
инспекторы                                           Бекзат Мұсағұлов
"__" қараша 2008 ж.

      "келісілді"
      Аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы                                Перизат Өмірәлі
"__" қараша 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады