Форт-Шевченко қаласы мен Баутин поселкесі бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 13/86 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-6-79 болып енгізілді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 шілдедегі № 4/32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012.07.02 № 4/32 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы "Жер" кодексінің 811-баптарын, "Салық" кодексінің 338-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1-тармағының 4),  13)тармақшаларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Форт-Шевченко қаласы және Баутино поселкесі бойынша жер учаскесіне төлемнің базалық ставкасына бағалау аймағының шекарасы схемаға сәйкес бекітілсін (қосымша N 1)
       2. Түзету коэффициенттері N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                        Г.Шалабаева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы:                                А.Досанова

"КЕЛІСІЛДІ":
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы _____________ Н.Худибаев
"12" желтоқсан 2008 жыл

Түпқараған аудандық жер
қатынастары бөлімінің бастығы
_____________ Е. Рзаханов
"12" желтоқсан 2008 жыл

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/85 шешіміне
N 1 қосымша

(Суретті қағаз мәтінінен қараңыз)

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
12 желтоқсандағы N 13/86 шешіміне
N 2 қосымша

Форт-Шевченко қаласы және Баутино поселкесі жерлерінің
аймағын сипаттау және жер учаскесінің базалық
ақы ставкаларына қатысты түзету коэффициенттері

АймақN Аймаққа енетін шағын аудандар мен басқа да әкімшілік құрылымдар Салық салу мақсатындағы  коэффициенттер

1

Теңіз жағалауы, Баутин кенті Аташ елді мекені

2,0

2

Өнеркәсіп жерлері

1,8

3

Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласының орталығы)

1,6

4

Селитебтік аймақ (Форт-Шевченко қаласының жаңа құрылысы)

1,4

5

Жол шетіндегі белдеулер (аудандық маңызы бар автокөлік жолдары) 100,0м-ден екі жаққа

1,2

6

Резервтегі аймақ-1

1,0

7

Резервтегі аймақ-2

0,8

8

Резервтегі аймақ-3

0,5

Ескерту: Баутин поселкесі мен Аташ елді мекені бойынша поселке ставкасы қолданылсын.

Аймақтардың сипаты.

      1-ші аймақ – теңіз жағалауы, Баутин поселкесі және Аташ елді мекені. Теңіз жағалауының ені 1км, солтүстік-батыс бөлігінде теңіз жағалауының шекарасы арқылы өтеді.
      Баутин поселкесінің әкімшілік – қоғамдық ғимараттарын жылумен, сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған. Баутин поселкесінде екі мектеп, техколледж, емхана, жұқпалы ауруларға арналған аурухана, бала-бақша, қонақ үйлер, спорт алаңдары бар.
      2-ші аймақ - өнеркәсіптік.
      3-ші аймақ – селитебтік, қаланың  орталық бөлігінде Әбдіхалықов, Жамбыл, Алиев, Таджиев, Тұрмағанбетұлы, Ж.Мыңбайұлы, Т.Әлниязұлы, Шымыров, Қызылбаев, Х.Бекжанов, Үргенішбайұлы, И.Жанбулатов көшелері енеді. Бұл аймақта негізгі әкімшілік ғимараттары, орта білім беретін мектептер, ән мектебі, спорт мектебі, спорттық алаңдар, бала-бақшалар, жастар үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана қалашығы, мешіт, церковь, базар, қонақ үйі, екі мұражай, дүкендер, кафе, мейрамханалар орналасқан. Форт-Шевченко қаласының әкімшілік-қоғамдық ғимараттары сумен, жылумен, канализациямен орталықтандырылған.
      4-ші аймақ – селибтік, жер учаскелері жаңадан игеріліп жатқан жеке құрылыс аймағы.
      5-ші аймақ – аудандық маңызы бар автокөлік жолдары кіретін жол шетіндегі белдеулер (100,0м-ден екі жаққа).
      6-шы аймақ – резервтік аймақ -1
      7-ші аймақ – резервтік аймақ -2
      8-ші  аймақ – резервтік аймақ -3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады