Аудан әкімдігінің "Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 128 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 194 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 қыркүйекте N 13-6-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 226 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009.09.04 N 226 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативті құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің «Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну Ережесін бекіту туралы», әділет басқармасында нормативті құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 мамырда № 13-6-3 тіркелген, және 2005 жылғы 27 мамырда № 23 «Ишим» газетінде жарияланған, (аудан әкімдігінің «Аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды ұсыну Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2006 жылғы 1 тамыздағы № 213 қаулысымен енгізілген толықтырулар мен өзгертулер), әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 26 қыркүйекте № 13-6-32 тіркелген, 2006 жылғы 1 қазандағы «Ишим» газетінің № 31 жарияланған) 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 128 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін
      қаулының № 2 қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      В. Бубенко

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 194 қаулысына қосымша

Есіл ауданының аз қамтамасыз етілген отбастары студенттеріне әлеуметтік қолдауды үсыну комиссиясының құрамы

      Мұқашев
      Мақсұт Төлегенұлы                Есіл ауданы әкімінің
                                       орынбасары, комиссия
                                       төрағасы

      Бидалина
      Бекзат Ынтықбайқызы              жұмыспен қамту және әлеуметтік
                                       бағдарламалар бөлімінің
                                       әлеуметтік секторының
                                       меңгерушісі, комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелері:

      Ткаченко
      Владимир Сергеевич               білім бөлімінің бастығы

      Сатыбалдинова
      Қарлығаш Кенжеболатқызы          қаржы бөлімінің бастығы

      Бектасова
      Айнагүл Кәкімжолқызы             жұмыспен қамту және әлеуметтік
                                       бағдарламалар бөлімінің
                                       бастығы

      Тілеукина
      Жангүл Жанұзаққызы               Есіл ауданы әкімі аппаратының
                                       Аналитикалық-құқықтық
                                       қамтамасыз ету құрылымдық
                                       бөлімшесінің басшысы

      Садаева
      Анара Қайбарқызы                 ішкі саясат бөлімінің бастығы

      Олейнникова
      Елена Владимировна               Аудандық Мәслихаттың тексеру
                                       комиссиясының төрағасы
                                       (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады