Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы N 8/95-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 3 қарашада N 5-13-50 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 4/33-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012.06.15 N 4/33-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабы 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық Ережесі бекітілсін (қосымша беріледі).
      2. «Катонқарағай ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы малдарын ұстау және бағу Ережесі туралы» (нормативтік актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2006 жылы 28 шілде № 5-13-22 болып тіркелген)  22/13- III шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      З. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған соң 10 күнтізбелік куннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрағасы                         Е. Базашев

      Катонқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысының
      міндетін атқарушы                        Е. Мамыров

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 15 қазандағы № 8/96- IV
шешімімен бекітілді

Катонқарағай ауданының
ветеринариялык-санитариялық Ережесі

1. Жалпы Ереже

      Осы Ереже Катонқарағай ауданының ветеринариялық-санитариялық тәртібін белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
      1. Ереже меншік түріне қарамастан ауылшаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тән болады.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

2. Ветеринариялық-санитариялық талаптар

      Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігіне және сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
      4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

3. Мал иелерінің міндеттері

      1. Жеке және заңды тұлғаларға мынадай міндеттер жүктеледі:
      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен
белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды жэне мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
      2) жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға жэне өңдеуге
арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен
нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануга беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
      5) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      6) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы заңмен белгіленген тәртіпте хабарлауды қамтамасыз етеді;
      7) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін белгіленген орындарға жануарларды әкелуді қамтамасыз етуге;
      8) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
      9) ветеринариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
      10) ветеринариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
      11) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге тиіс;
      12) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылыми-техникалық қүжаттаманы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі қажет.

4. Мал иелерінің ережелерді бұзғаны
үшін жауапкершіліктері

      1. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады