Аблакет ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық малдарына сарып ауруы бойынша шектеу енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 674 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 9 шілдеде N 5-17-86 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 05/2059 хаты

      Ескерту. Күші жойылды - (Ұлан аудандық әкімдігінің 2009.07.03 № 05/2059 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының, 27-бабы, 1-тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабы, 1- тармағының 18-тармақшасына сәйкес және 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 565 «Шығыс Қазақстан облысында сарып ауруының эпидемиологиялық ахуалы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында, Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 459 ұсынысы негізінде Аблакет ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық малдар және адамдар арасындағы сарып ауыруы тіркелуі мен эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аблакет ауылдық округіне сарып ауруынан толық сауығуына дейін ауыл шаруашылық малдар, мал өнімдері мен шикізаттарды әкелуге және шығаруға шектеу енгізілсін және сауықтыру кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Аблакет ауылдық округінің әкімі (Е. Сейтказин) ауыл шаруашылық малдар және адамдар арасындағы сарып ауруын жою және алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырсын.
      3. Ұлан ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасына (Х.Ж. Илюбаев), Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясына (С.Қ. Сапарғалиев) ауыл шаруашылық малдар және адамдар арасындағы сарып ауруының ошақтарын жою және алдын алу жөнінде ветеринарлық-санитарлық және емдеу, алдын алу іс-шараларын өткізу ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданының әкімі               М. Музапаров

Ұлан ауданының әкімдігінің
3 маусымдағы 2008 ж.
№ 674 қаулысына
№ 1 қосымша

Аблакет ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық малдарының сарып ауруын бойынша шектеу енгізу туралы шаралардың кешенді жоспары

Атқарылатын іс шаралар Орындалу мерзімі Орындауға жауптылар
I. Шаруашылық ұйымдастыру шаралары

1

Шаруа қожалықтары  мен елді  мекендерде  ауылшаруашылық  барлық малдардың  бірделендіру  жұмыстарының  (иттер және  мысықтарды  қосқанда), есебін  қатаң түрде  жүргізуді  ұйымдастыру.

Тұрақты түрде

Ауыл әкімі,  мемлекеттік  вет инспектор,  лицензиат-малдәрігер  (келісім  бойынша)

2

Ауылдық округ  аймағына барлық  жаңадан келген  малдар 30 күн бойы крантиндеұсталып  карантинге,  қойылған мерзім  ішінде сарып  ауруына тексеріліп  және басқада  ветеринарлық-профилактикалық шаралар өткізілсін.

Инструкцияға сәйкес

Мемлекеттік  ветинспектор,  лицензиат-малдәрігер  (келісім  бойынша)

3

Жайылымдарда және  мал суаратын  жерлерде  шаруашылықтардың  (үй аулаларының)  сарып індетіне  шалдыққан  малдардың, дені  сау малдармен  қарым-қатнастарын  болдырмау.

Шектеу  мерзімі  тоқтатылғанға дейін

Ауыл әкімі,  мемлекеттік  ветинспектор  (келісім  бойынша) ауыл  шаруашылық мал  иелері

II. Ветеринарлық- санитарлық шаралар

1

Адамдар және  малдардың сарып  ауруы тіркелген  аулаларда, барлық  ауылшаруашылық  малдардан  (иттермен қоса)  2-кі қайтара кері  таңба алынғанша  тексеруді  ұйымдастыру

Тұрақты  түрде 15 күн сайын  анализі 2  рет кері  көрсеткенше

Мемлекеттік  ветинспектор,  лицензиат-малдәрігер  (келісім  бойынша)

2

Ветеринарлық-санитарлық ережелерді  сақтай отырып  ауырған малдарды  жедел  оқшауландырып және союын ұйымдастыру

Экспертизаның  қорытындысын алғаннан  кейін 5  күннің  ішінде 2  мәрте кері  қорытынды  алғанна  кейін

Ауылдық  округдің әкімі  мемлекеттік  ветинспектор,  лицензиат-малдәрігер  (келісім  бойынша)

3

Өлі туған  төлдердің және  түсіктердің есебін жүргізіп, оларды  міндетті түрде  облыстық  ветеринарлық  лабораторияға  жеткізу

Тұрақты түрде

Мемлекеттік  ветинспектор,  (келісім  бойынша), ауыл шаруашылық мал иелері

4

Әрбір  тексерулерден  кейін ауру малдар  тұрған ауланы  залалсыздандыру  ұйымдастыру

Тұрақты  түрде

Мемлекеттік  ветинспектор,  лицензиат-малдәрігер  (келісім  бойынша)

5

Ауыру мал тұрған  қораларды мал  қиынан тереңдігі 5 см тазартып,  биотермиологиялық  залалсыздандыру  үшін малдардың  қиын үйінділеу,  ағаш төсеніштерді  алып, қабырғаларын жаңа сөндірілген  известпен әктеу.

Тұрақты  түрде

Мемлекеттік  ветинспектор,  (келісім  бойынша), ауыл шаруашылық мал иелері

6

Ауыл шаруашылық  малдарды Аблакет  ауылынан шығаруға  және оң танба  берген малдардың  өнімдерін сатуға  шектеу қойылсын,  мал өнімдері (сүт,  май, қаймақ,  ірімшікті тек  қайнатылған  түрінде ғана  қолданылуға  тиісті)

Шектеу  мерзімі  шаралары  тоқтатылғанға дейін

Мемлекеттік  ветинспектор,  (келісім  бойынша), ауыл шаруашылық мал иелері

7

Мал басының  алмасуы, орын  ауыстыру, көшіп  қонуы, ауыл  округінің  мемлекеттік  ветинспектордың  рұқсатымен іске  ассын

Шектеу  мерзімі шаралары  тоқтатылғанға дейін

Мемлекеттік  ветинспектор,  (келісім  бойынша), ауыл шаруашылық мал иелері

III. Емдеу-профилактикалық шаралар

1

Барлық сарып  індетімен ауырған  адамдардың 100%  госпитализациялану ын қамтамасыз ету,  қарым қатыңыста  болғандарды  толығымен сарып  ауруына тексеруден өткізу.

Тіркелген  мерзімінде

Жанұялық  дәрігер

2

Сарып ауруын жедел түрде анықтау  мақсатында, сарып  ауруына қатысты  контингентке  лабораториялық  тексерулер арқылы зерттеу өткізіліп, көрсеткіштер  бойынша  бактериологиялық зерттеулер  өткізілсін

Тұрақты  түрде

Жанұялық  дәрігер, Ұлан  ауданы бойынша Шығыс  Қазақстан  облысының  мемлекеттік  санитарлық-эпизоотикалық  қадағалаү  департаментінің аумақтық  бөлімшесінің  жетекші маманы А. Ускабаева  (келісім  бойынша)

3

Ауыл  шаруашылығындағы  жұмысшылардың  медициналық  тексеруден кезеңді түрде өту схемисын ұйымдастыру

Жедел  тұрақты  түрде

Жанұялық  дәрігер

4

Сарып ауруына  шалдыққан  малдардың  иелерінің толық  тексеруден өтуін  қамтамасыз ету

Жедел  тұрақты  түрде

Жанұялық  дәрігер

5

Адамдардың және  малдардың сарып  ауруымен  ауырғандары  жөнінде Ұлан аудан бойынша Қазақстан  Республикасының  ауыл шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік  кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетімен  ақпарат  алмастырылуы  жүргізілген

Жыл бойы

Қазақстан  Республикасының ауыл  шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетінің  Ұлан аудан  бойынша  мемлекеттік  ветеринарлық  инспекторы Темірбаев Т.Ч. Ұлан ауданы  бойынша Шыыс  Қазақстан  облысының  мемлекеттік  санитарлық-эпизоотикалық  қадағалау  департаментінің жетекші  маманы А.  Ускабаева  (келісім  бойынша)

6

Ұлан аудан бойынша Қазақстан  Республикасының  ауыл шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік  кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетімен  бірігіп әрбір  жағдайда  эпидемиологиялық эпизоотиялық жедел тексеру  жүргізілген

Тіркелген мерзімінде

Қазақстан  Республикасының ауыл  шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетінің  Ұлан аудан  бойынша  мемлекеттік  ветеринарлық  инспекторы  Темірбаев Т.Ч. Ұлан ауданы  бойынша Шығыс  Қазақстан  облысының  мемлекеттік  санитарлық-эпизоотикалық  қадағалау  департаментінің жетекші  маманы А.  Ускабаева  (келісім  бойынша)

7

Сарып ауруының  ошақтарында сарып  ауруына қарсы іс  шаралар өткізу  ұшін бақылау  қойылсын

Тұрақты  түрде

Қазақстан  Республикасының ауыл  шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетінің  Ұлан аудан  бойынша  мемлекеттік  ветеринарлық  инспекторы  Темірбаев Т.Ч. Ұлан ауданы  бойынша Шығыс  Қазақстан  облысының  мемлекеттік  санитарлық-эпизоотикалық  қадағалау  департаментінің жетекші  маманы А.  Ускабаева  (келісім  бойынша)

8

Ауыл шаруашылық  малдар және  адамдар арасындағы сарып ауруы  тіркелген, Аблакет ауылындағы  жанұяларда және олармен  қарымқатнаста  болғандарға, сарып ауруын анықтауға  тексерулер  жүргізілсін

Тұрақты  түрде

Жанұялық  дәрігер

9

Сарып ауруының  диагностикасы және клиникасы жөнінде  поликлиника аға  дәрігерлерімен  семинарлық  жаттығулар өткізу

Шілде айында 2008 жылы

Ұлан ауданы  бойынша Шығыс  Қазақстан  облысының  мемлекеттік санитарлық-эпизоотикалық  қадағалау  департаментінің жетекші  маманы А.  Ускабаева  (келісім  бойынша)

10

Халық арасында  сарып ауруынан  сақтану жөнінде  санитарлық  ңасихаттау  жүмыстарын кеңінен ұйымдастыру

Тұрақты  түрде

Қазақстан  Республикасының ауыл  шаруашылығы  министрлігі  агроөнеркәсіптік кешендегі  мемлекеттік  инспекция  комитетінің  Ұлан аудан  бойынша  мемлекеттік  ветеринарлық  инспекторы  Темірбаев Т.Ч. Ұлан ауданы  бойынша Шығыс Қазақстан  облысының  мемлекеттік  санитарлық-эпизоотикалық  қадағалау  департаментінің жетекші  маманы А.  Ускабаева  (келісім  бойынша)

Шығыс Қазақстан облысының  мемлекеттік санитарлық- эпизоотикалық қадағалау департаментінің аумақтық бөлімшесінің бастығы
 
 

Х.Ж. Илюбаев

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекцисының бастығы

С.К. Сапарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады