Ақжайық ауданы мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 "Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 қазандағы N 8-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 14 қарашада N 7-2-62 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 29 маусымдағы N 23-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2010.06.29 N 23-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Ақжайық аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 5 наурыздағы N 4-5 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-54 тіркелген, 2008 жылы 26 сәуірде "Жайық таңы" газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармақта "Ережесін", "Ережесі" деген сөздер "Қағидасын", "Қағида" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі";
      көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру ережесінде:
      "Ережесі", "Ережелер", "Ережеге", "Ережеде" деген сөздер "Қағидасы", "Қағидалар", "Қағидаға", "Қағидада" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мемлекеттік қызмет алу үшін,оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
      1) арызы мен оған тіркелген жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат);
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмері берілгені туралы куәлігі (СТН);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);
      4) пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу-сату, жалға беру т.б жөнінде келісім-шарттар);
      5) жылжымайтын мүлік жөнінде анықтама (жылына бір рет);
      6) Ұлы Отан Соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;
      7) мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
      8) алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен жарты жылдыққа табыстары жөнінде мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
      9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжатарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар)."
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа   енгізіледі.

      Сессия төрайымы
      Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады