Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда № 1-6-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2011.11.15 № 4С-39-4 шешімімен
      Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.
      2. Әлеуметтік төлем алуға келесі азаматтардың құқығы бар:
      аз қамтамасыз етілген азаматтар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын;
      жұмыссыздар;
      мүгедектер және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне өтінішсіз;
      18 жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар, көп балалы жанұялар;
      емделмейтін аурумен ауыратындар;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері (оларға тең тұлғалар, тыл еңбеккерлері, майданда қаза тапқан соғысқа қатысушылардың жесірлері, өлген соғысқа қатысушылар мен мүгедектердің әйелдері);
      туберкулезбен ауыратын аурулар;
      кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының Астрахан аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде, ай сайын коммуналдық қызметке төлем шығындарының орнын толтыруға ай сайынғы есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      колледжде оқитын аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың  күндізгі оқу формасындағы студенттеріне оқұға төлеу үшін оқудың жылдық құны мөлшерінде оқу орнының шартының және анықтамасының негізінде.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Астрахан аудандық мәслихатының 2010.04.15 № 4С-22-2; 2010.07.29 № 4C-24-7
      3. Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-8 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-76 тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      4. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            И. Федоренко

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Собеский

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      Астрахан ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ. Жұмақаев

      Астрахан ауданының «Қаржы
      бөлімі» Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ғ. Шонабаева

      Астрахан ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Т. Наприенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады