Қорғалжын ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 наурыздағы № 5/11 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірде № 1-15-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 26.06.2012 № 6/4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңына, 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 32 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін. (Қосымша № 1)
      2. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ж.Темірбек

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ө.Балғабаев

Қорғалжын аудандық   
мәслихатының 30.03.2009
№ 5/11 шешіміне қосымша

Қорғалжын ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды
ұстау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген.
      2. Ереже Қорғалжын ауданы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді.
      3. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан иттері мен мысықтары бар барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі

      4. Тұқымына қарамастан иелерінен ерекше жауапкершілікті талап ететін тұрғындарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға тиесілі барлық-үй иттері, қызметтік, күзеттік, аңшылық иттер мен сонымен бірге мысықтар есепке алуға және ветеринарлық инспекторларда тіркеуге жатады. Ит пен мысықтарды тіркеу кезінде олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 тіркелген, «Ауыл шаруашылығының жануарларын бірдейлендіру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығына сәйкес ветеринариялық паспорт беріледі.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      5. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттер мен мысықтар үш айлық жасынан бастап тұқымына қарамастан құтырмаға қарсы, ал эпизоотық көрсеткіштері бойынша лептоспироза,микроспорийға қарсы міндетті түрде егілуге тиіс, сондай-ақ олар гельмиттерге қарсы зерттелуге немесе оларға алдын ала дегельминтация жасалуға тиіс.
      6. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар орындалған жағдайда ғана иттер мен мысықтарды үйде ұстауға рұқсат етіледі.
      7. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер аулануға тиіс.
      8. Иттер мен мысықтарды ортақ пайдаланатын жерлерде (дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы бөлмелер) ұстауға жол берілмейді.
      9.Иттер аулауда ұстаған жағдайда, иелері иттердің бос жүрмеуін қадағалап және көршілердің ауласынан қашықтықта ұстауға міндетті. Аулаға кіретін жерде қақпаға ит бары туралы жазылған тақтайша болуы тиіс. Ұстайтын ит пен мысықтың саны шектелмейді, бірақ олар көршілерге қолайсыздық туғызбауға тиіс.
      10. Иттер мен мысықтардың терісі мен етін пайдалану, сату, өңдеу, жеу мақсатында өсіруге және ұстауға тыйым салынады.
      11. Қорғалжын ауданының орталығында және елді мекендерінде иттер шайқасын ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынады.

4. Ит пен мысық иелерінің міндеттері

      12. Ит пен мысық иелері төмендегі талаптарды:
      1) иттер мен мысықтарды түрі мен тұқымына байланысты зоотехникалық зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай ұстап,қоршаған адамдарға қолайсыздық және қауіп туғызбауын қамтамасыз етуге тиіс. Ауланы, подъезді, баспалдақ алаңын, балалар алаңын, тротуарларды, демалыс орындарын ластамауға, ал ластаған жағдайда орнын-міндетті түрде жинап алуға ( қағаз және полэтилен пакеттеріне);
      2) иттер мен мысықтарды биологиялық қажеттеріне сай асырауға, оларға жақсы ниетпен қарауға, қарусыз қалдырмауға, қажет мөлшерде тамақпен қамтамасыз етуге, әрдайым ішетін суы болуға, қатал мінез танытпауға, ауырған кезде уақытында ветеринариялық көмек көрсетуге;
      3) ветеринариялық паспортқа белгілей отырып міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралар өткізуге, карантиндік режимді сақтауға, жұқпалы ауруларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
      4) мысық тістеген және ит қапқан барлық жағдайда карантиндық іс-шаралар өткізу үшін жедел түрде медициналық мекемелерге хабарлауға;
      5) ит пен мысықтар өлген жағдайда ветеринар мамандарға хабарлауды міндетті, өлімтікті лақтырмауға, көмуге тыйым салынады, өлімтіктер арнаулы жерлерде ғана өртеу арқылы жойылады.(ит пен мысық иелерінің тарабынан)

5. Бақылаусыз жүрген ит пен мысықтарды аулау

      13. Қоғамдық жерлерде иесі байлап қойған иттерден басқа, қараусыз жүрген иттер бақылаусыз деп танылады және міндетті түрде ауланады.
      14. Иессіз ит пен мысықтарды аулауды, оның ережелері мен тәртібін белгілей отырып, жергілікті атқарушы органдармен келісім-шарт жасасқан арнайы бригадалар жүзеге асырады.

6. Ережелердің сақталуын бақылау

      15. Қорғалжын ауданы орталығы мен ауылдық елді мекендерінде азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті келесі мемлекеттік органдар жүзеге асырады: санитарлық эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау мекемелері, ішкі істер органдары.

7. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелерінің жауапкершілігі

      16. Ветеринариялық-санитарлық ережелерді бұзғаны үшін ит пен мысық иелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 310 - бабына сәйкес жауапты болады.
      17. Осы Ережені бұзғаны үшін ит пен мысық иелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311-бабына сәйкес жауапты болады.
      18. Иелері ит пен мысыққа қатігездік танытып, нәтижесінде оны өлімге, жарақат алуға әкеп соқса немесе далаға қуып жібергені үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 276 бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
      19. Материалдық зардап шеккен жағдайда жәбірленушінің шығынды өндіріп алу үшін сотқа шағымдануға құқығы бар.

8. Қорытынды ереже

      20. Тіркелуге тиісті иттер мен мысықтардың иелері осы Ереже бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде оларды ветеринариялық инспекторларда тіркеуге міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады