2009 жылғы 29 сәуіріндегі № 163 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 404 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 08 желтоқсанда N 3-3-95 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010.01.06 N 7 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуіріндегі № 163 «Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (Нормативтік - құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 18 мамыр № 3-3-78 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамыр «Жұлдыз-Звезда» газетінде № 23-24 санында жарияланған) төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген шақыру комиссияның құрамына мыналар өзгерлсін:
      Каликова               - Алға аудандық орталық ауруханасының
Нұржамал Татархановна          дәрігер терапевт
      Бисембаева             - Алға аудандық орталық ауруханасының
Гүльнар Маулимханова           медбикесі, комиссия хатшысы
      Көрсетілген комиссияның құрамынан Р. Оразова, Т. Абдрахова шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Ағниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  М. Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады