Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 127 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 тамызда № 3-9-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 24.01.2013 № 73 шешімімен.

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Біржолғы талондардың бір күндік құнын төмендегідей мөлшерде бекітілсін:
      1. Базарларда тауар сату:
      "Базис-М" базары – 120 теңге;
      Ембі, Жем қалаларының базарларында – 50 теңге;
      ауылдық округ базарларында – 35 теңге.
      2. Сату (Тұрақты жайларда жүзеге асырылатын қызметтерден басқа):
      газет және журналдар – 20 теңге;
      тұқым – 20 теңге;
      бақша өнімдері – 30 теңге;
      саяжайда және үй іргесіндегі жер учаскесінде өсірілген гүлдер – 30 тенге;
      қосалқы ауыл шаруашылық, бағбандық және саяжай өнімдерін – 20 теңге.
      3. Жеке тракторлар иелерімен жер өңдеу қызметтерін көрсету – 200 теңге.
      4. Үй жануарлары мен құстарды жаюға қызмет көрсететін тұлғаларға бір жолғы талондардың құнын 1 айға 500 теңге көлемінде, 1 күнге = (500/30 күн) = 17 теңге.
      5. Жануарлар мен құстарға арнап дайын жем-шөп сататын тұлғаларға бір жолғы талондардың құнын 1 тонна шөпке 100 теңге көлемінде, 1 тонна арпа-бидай, аралас жем немесе жем жармасына 400 теңге көлемінде.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың      Аудандық мәслихаттың
       кезекті он алтыншы             хатшысы
      сессиясының төрайымы

      М.Ж.Тыныштықұлова            С.С.Салықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады