Жалдау ақысының ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 24/02 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 қазанда N 8-6-88 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 06/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011.03.16 N 06/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 2 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй құрылысының бағдарламасы туралы" N 383 Жарғысын жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысының ставкалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 24 қыркүйектегі
N 24/02 қаулысына қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысының есептемелері

      Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын 1 айлық жалдау ақысының мөлшері келесі формуламен есептеледі (индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеулер әдістемесі"):

А = Ц\Т\12

яғни:
      А – 1 айда 1 шаршы метрден түсетін теңге мөлшеріндегі мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысы;
      Ц = 55732,1 теңге – тұрғын үйдің жалпы аумағының бір шаршы метрінің құрылысының құны;
      Т = 100 жыл – "Коммуналдық және әлеуметтік-мәдениет мақсатындағы объектілер мен тұрғын үй ғимараттарын қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу" ҚР 1,04-26-2004 ҚН-на 7 қосымшаға сәйкес ғимараттың қызмет ету жылының мерзімі.
      201505 "Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаудан түсетін кірістер" коды бойынша жергілікті бюджетке 1 шаршы метрден түсетін 1 айлық кіріс сомасы:
      А = 55732,1\100\12 = бір айға 1 шаршы метірге 46,44 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады