Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 160 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 30 желтоқсанда N 10-6-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 69 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2010.12.10 N 69 шешімімен.  

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесі құрылсын.
      2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) жүргізу ұсынылсын.
      3. "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті қызметкерлермен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Кент, ауылдық округі әкімдері және аудан бюджетінен қаржыландырылатын мектеп басшылары аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуде көмек көрсетсін.
      6. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Жалағаш кент әкімі 2009 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін 4 адам санында жұмыссыз азаматтарды Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      8. "Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Жалағаш ауданы әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 96 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 20 қаңтарда N 10-6-114 болып тіркелген, 2009 жылдың 24 қаңтарда N 6-7 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Алиеваға жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                               Ө. ШАМЕНОВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жалағаш аудандық емхана"
      мемлекеттік мекемесінің
      бас дәрігері____________ Х. Каметов
      "08" желтоқсан 2009 жыл

      "Жалағаш аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы________________ М. Айтжанов
      "08" желтоқсан 2009 жыл

      "N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік
      мекемесінің директоры_________К.Сералиев
      "10" желтоқсан 2009 жыл      

      "Жалағаш аудандық ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы_________________Б. Жарқынбаев
      "09" желтоқсан 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады