Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалғаш ауданы әкімінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы N 69 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 10 қаңтарда N 10-6-174 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалғаш ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 маусымдағы N 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалғаш ауданы әкімінің 2011.06.22 N 19 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесі құрылсын.
      2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) жүргізу ұсынылсын.
      3. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына және "N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету жұмыстарын атқару ұсынылсын.
      4. "Жалағаш аудандық емхана" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті қызметкерлермен және медициналық жабдықтармен қамтылуын ұйымдастыру ұсынылсын.
      5. Кент, ауылдық округі әкімдері және "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуде көмек көрсетсін.
      6. "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Жалағаш кент әкімі 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін 4 адам санында жұмыссыз азаматтарды Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      8. "Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Жалағаш ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 160 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 10-6-135 болып тіркелген, 2010 жылдың 6 қаңтарда N 1-2 (8558-8559) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                       Қ. Бекенов

      "КЕЛІСІЛДІ" 

"Жалағаш аудандық емхана"
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері

________________Х. Каметов

"6" желтоқсан 2010 жыл 

"Жалағаш ауданының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

_____________ М. Айтжанов

"6" желтоқсан 2010 жыл

"N 3 кәсіптік лицей" мемлекеттік
мекемесі директорының міндетін атқарушы

______________ Б.Шаменова

"6" желтоқсан 2010 жыл

"Жалағаш ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________Б.Жарқынбаев

"6" желтоқсан 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады