Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 17 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 29 желтоқсанда N 10-8-105 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2010.11.23 N 7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сүлейменов келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е.Рзағазиев, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік мекемесіне (С.Ерімбет, келісім бойынша) аудандық шақыру учаскесінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін арнайы маман-дәрігерлер бөліп, қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Б.Сүюбаева және "N 10 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесі (Ғ.Үдербаев келісім бойынша);
      1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмек көрсету үшін 4 жұмыссыз азаматтарды Сырдария аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      7. Аудан әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" N 18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімінің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 С. Тәуіпбаев  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады