Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 желтоқсанда N 10-8-135 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2011.12.09 N 7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН;
      1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сүлейменов, келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті Жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды бастапқы әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2011 жылдың Қаңтар - наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.
      2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Сырдария ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Мүсірепов, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. "Сырдария ауданының кеңес беру диагностикалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (С.Ерімбет, келісім бойынша) аудандық шақыру учаскесінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін арнайы маман-дәрігерлер бөліп, қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. "Сырдария ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне
(Б.Сүюбаева) және "N 10 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесіне
(Ғ.Үдербаев келісім бойынша):
      1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына
байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөліміне шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша оларды уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Сырдария ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қаңтар-наурыз айларында
азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмек көрсету үшін
уәкілетті органда жұмыссыздықта тіркеуде тұрған өз еріктерімен келіскен азаматтарды Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      7. Аудан әкімінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы"
N 17 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 10-8-105 болып тіркелген, "Тіршілік
тынысы" газет баспасының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 1 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      9. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы              Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады