Ақтау қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 1378 қаулысы. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда № 11-1-125 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Хитуовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              С. Бекбергенов

Ақтау қаласы әкімдігінің
29 желтоқсандағы 2009 жылғы
№ 1378 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Жиырма екі жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

      2. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмысы жоқ адамдар.

      3. Бірде - бір жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылардан жұмыссыз адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады