Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/106 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 наурызда N 11-4-76 тіркелді. Күші жойылды - Қарақия ауданы мәслихатының 2012 жылғы 02 ақпандағы № 1/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарақия ауданы мәслихатының 2012.02.02 № 1/13 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 - бабының 1 - тармағының 1-2 тармақшасына және 2-тармағына«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                    Аудандық мәслихаттың хатшысы
      С. Өтемұратов                      А. Мееров

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е.Бегниязов
      06 ақпан 2009 жыл

      Қарақия аудандық зейнетақы төлеу
      орталығының бастығы
      Г.Кубугулова
      06 ақпан 2009 жыл

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
6 ақпандағы N 13/ 106 шешімімен
бекітілген

Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық
қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан Соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

      3. Тұрғын үй көмегі Қарақия аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.

      4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.
      Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:
      1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
      4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;

      5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына жауаптылықта болады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

      6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

      7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылықта болады.

      8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуына Қарақия аудандық зейнетақы төлеу орталығы жауаптылықта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады