Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорынды және қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 359 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірде № 9-2-130 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30, 33-баптарын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорын Рудный қаласы әкімдігінің "Рахат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны белгіленсін.
      2. Сотталған тұлғаларды 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін жұмыс түрі аумақты абаттандыру, жайларды жинау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары болып белгіленсін.
      3. Рудный қаласы әкімдігінің "Сотталған тұлғаларды 2008 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және кәсіпорындар тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 945 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-2-110, 2008 жылғы 24 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Қосаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады