2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 74 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 26 наурызда № 9-14-104 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөнінде іс-шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес ұйымдардан ауданға 150 адамға жұмыс орнын ұсынумен қоғамдық жұмыстарды өткізуге өтінім түсуіне байланысты, қосымшаға сәйкес 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар мен мекемелер тізбесі бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және шарттары бекітілсін.

      3. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджет қаражатынан бір жарым минималды еңбекақы көлемінде бекітілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
 

Қостанай ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушы                             М.Демесенов
 

      
Әкімдіктің
2009 жылғы 16 ақпандағы
№ 74 қаулысымен бекітілген

2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар, мекемелер тізбесі

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Көмек" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қостанай ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      

Әкімдіктің
2009 жылғы 16 ақпандағы
№ 74 қаулысымен бекітілген

 

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және шарттары

     

р/с

Жұмыстарды өткізу орны

 

Нақты түрлер мен көлемдер

1

Александров селолық округі

Александров селосының автобус аялдамаларын, саябақтар мен көшелерін, ескерткішін, зиратын жинастыру, шөпті шабу, ағаштарды бордюрлерді, шартақтарды ақтау, ағаштарды, бұталарды кесу, қоқыстарды шығару; 31642 шаршы метр көше шарбақтарын жөндеу, газ трубаларын және тіреуіштерді сырлау.

Александров орта мектебін, отбасылық дәрігерлік амбулаторияны, Мәдениет үйін сыртқы және ішкі жөндеу – 5000 шаршы метр.

2

Воскресенов селосы

Воскресенов селосының 26000 шаршы метр саябақтары мен көшелерін жинастыру, ағаштарды, бұталарды кесу, ағаштарды ақтау шарбақтарды ақтау, қоқыстарды шығару. Гүл клумбаларын қайта қазу, егу, отау және суару – 84 шаршы метр.

Воскресенов орта мектебін. фельдшерлік-акушерлік пунктті, поштаны, село әкімі аппаратының ғимаратын, кітапхананы сыртқы ішкі жөндеу, сырлау, ақтау – 2000 шаршы метр,

Воскресенов селосының 115 ауласындағы халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

3

Владимиров селолық округі

Владимиров селосының 19600 шаршы метр көшелерін жинастыру, жолдарды тазарту, арам шөптерді жұлу, ағаштар мен бұталарды түзеп кесу, ағаштарды ақтау, қоқыс шығару; қоғамдық құдықтарды жөндеу, 150 түп ағаш отырғызу және оларды күту;

Аудан әкімі аппаратының ғимаратын жөндеу - 500 шаршы метр, Сормов селосының 60 шаршы метрлік фельдшерлік-акушерлік пунктін, 600 шаршы метр Владимиров орта мектебін жөндеу (сырлау, ақтау).

Владимиров селосының 822 ауласында, Янушев селосының 79 ауласында, Сормов селосының 107 ауласында қосалқы шаруашылықтар мен халық санағын алу.

4

Заречный селолық округі

Заречный, Талапкер, Осинов, Рыспай селоларының 72000 шаршы метр аумағын жинастыру: саябақтар, автобус аялдамаларын, бұталар мен ағаштарды кесу, шөпті шабу, ағаштарды бордюрлерді, шартақтарды ақтау, арам шөптерді жұлу, жамылған қарларды жинау, қоқысты жинау. 150 шаршы метр гүл клумбаларын қолмен қайта қазу, отырғызу, отау және суару, 50 түп ағаш отырғызу. Талапкер мектебін жөндеу – 455 шаршы метр.

5

Озерный селолық округі

Озерный селосының 90200 шаршы метр аумағын жинастыру:

көшелерді, саяжай, стадион, саябақ зират аумағын  жинастыру, бордюрлерді ақтау, шартақтарды сырлау, ағаштар мен бұталарды кесу, шөпті шабу, қоқыс шығару. 100 шаршы метр гүл клумбасын суару және арам шөптерін жұлу,  отырғызылған ағаштарды күту.

Село әкімі аппараты ғимаратын жөндеу – 190 шаршы метр.

6

Садчиков селолық округі

Садчиков селосының 315900 шаршы метр аумағын жинау: әкімдік, ескерткіш айналасын, тас жол жиегін, автобус аялдамаларын, стадионды, саябақты, ағаштарды, бұталы  ағаштарды кесу, ағаштарды,  бордюрлерді, шарбақтарды ақтау,  тиеу және қоқысты шығару.

Садчиков орта және Константинов негізгі мектептерін жөндеу – 1450 шаршы метр, село әкімі аппараты ғимаратын жөндеу – 258 шаршы метр.

Садчиков селосының 641 ауласындағы және Константинов селосының 232 ауласындағы халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

7

Мичурин селолық округі

Мичурин селосының 17500 шаршы метр көше аумағын, аллеясын, саяжайын жинастыру, бұталар мен ағаштарды кесу, шөпті шабу, қоқысты  шығару.

Садовый және Алтынсарин селоларының 982 шаршы метр фельдшерлік-акушерлік пункттерінің ішін және сыртын жөндеу.

8

Октябрь

селолық

округі

Октябрь селолық округі аумағын жинастыру: стадион – 5000 шаршы метр, зират – 15000 шаршы метр, Октябрь және Нечаев селоларының скверлері – 4725 шаршы метр, ескерткіштер - 375 шаршы метр, кюветтерді тазарту: Октябрь селосының – 40 шаршы метр, Лиманное селосының – 300 шаршы метр, Рыбное селосының 400 шаршы метр, шөп шабу, бұталарды кесу.

Ағаштар мен талдарды түзеп кесу, ағаштарды, бордюрлерді қақпаларды, бағандарды ақтау, гүл бақшаларды қайта қазу, егу және суару, қоқыс шығару.

Ағаштарды кесу және оларды күту, 14 құдықты тазарту.

Совхоз орта, Нечаев және Молоканов негізгі, Рыбный және Ленин бастауыш мектептерін жөндеу – 12125 шаршы метр.

Селолардағы халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу: Октябрь – 513 аулада, Лиманное – 98 аулада, Рыбное – 66 аулада, Молоканов – 140 аулада, Нечаев – 212 аулада, Шоқ-Қарағай – 53 аулада.

9

Белозер

селолық округі

Белозер, Балықты, Сергеев салолары аумағын жинастыру – 371000 шаршы метр: стадиондар, скверлер, зираттар, ескерткіштерді жөндеу, құрғап қалған ағаш түптерін тамырымен кесу, ағаштарды, бағандарды, бордюрлерді ақтау, қоқыс шығару.

Әкім аппараты ғимаратын жөндеу – 100 шаршы метр, Белозер, Балықты, Сергеев селолары мектептерін жөндеу – 8565 шаршы метр, отбасылық дәрігерлік амбулатория – 200 шаршы метр. 400 аулада халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

10

Майкөл селолық округі

Майкөл селолық округі аумағын жөндеу – 36220 шаршы метр: көшелер, стадиондар, саябақтар, ағаштар мен бұтақтарды түзеп кесу, арам шөп жұлу, ағаштарды ақтау, гүл бақшаларды егу, суару, қоқыс шығару

Майкөл селосы кеңсесінің ғимаратын жөндеу – 250 шаршы метр, Арман бастауыш мектебі – 240 шаршы метр, Рязанов бастауыш мектебі – 480 шаршы метр, Шеминов орта мектебі – 450 шаршы метр.

11

Шишкин

селолық

округі

Шишкин селолық округі аумағын жинастыру – 12530 шаршы метр: ағаштар мен талдарды түзеп кесу, ағаштарды, бордюрлерді және бағандарды ақтау, шөп шабу, қоқыс шығару.

Шишкин орта мектебін жөндеу – 920 шаршы метр, фельдшерлік акушерлік пунктін жөндеу – 150 шаршы метр.

12

Жданов селолық округі

Жданов, Васильев, Киров селолары аумағын жинастыру: ағаштарды түзеп кесу, ағаштар мен бағандарды ақтау, шөп шабу, шарбақтарды сырлау – 17000 шаршы метр, гүл бақшаларын қайта қазу, егу, отау және қолмен суару – 300 шаршы метр, 200 ауладағы халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу. Көшеттерды отырғызу және оларды күту.

Киров, Васильев, Жданов селоларындағы фельдшерлік пункттер мен мектептерді жөндеу – 2221 шаршы метр.

13

Мәскеу селолық округі

Мәскеу селосының аумағын жинастыру – 45000 шаршы метр: талдар мен ағаштарды түзеп кесу, ағаштар мен бағандарды ақтау, арам шөпті отау, шөп шабу, қоқыс шығару.

Мәскеу орта, Озерный негізгі мектептерін, фельдшерлік акушерлік пунктін, отбасылық, дәрігерлік амбулаторияны жөндеу – 4019 шаршы метр.

14

Ульянов

селолық округі

Ульянов селосының аумағын жинастыру – 26000 шаршы метр: көшелерді, саябақтар мен алаңдарды, ағаштар мен талдарды түзеп кесу, бордюрлерді, ағаштарды, бағандарды ақтау, қоқыс шығару. Гүл бақшаларын қайта қазу, егу және суару – 50 шаршы метр.

Ульянов орта, Бегежан негізгі мектептерін жөндеу – 8087 шаршы метр, фельдшерлік-акушерлік пункттерді жөндеу – 104 шаршы метр.

275 аулада халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

15

Глазунов селолық округі

Глазунов селолық округінің аумағын жинастыру – 72700 шаршы метр: көшелер, ескерткіш, аллея, сквер, зираттар, ағаштар мен талдарды түзеп кесу, ағаштарды, бордюрлерді, қоршауларды ақтау, кеуіп қалған ағаш түбін тамырымен жұлу, шөп шабу, арам шөп отау, қоқыс шығару. Гүл бақшаларын қайта қазу, егу, отау және суару, отырғызылған ағаштарды күту.

Село әкімі аппараты ғимаратын, кітапхананы, фельдшерлік-акушерлік пункттерді жөндеу – 1545 шаршы метр.

499 ауладағы халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

16

Половников селолық округі

Половников селосының аумағын жинастыру – 30196 шаршы метр: саябақ, көшелер, алаң, ескерткіш, зират. Ағаштарды, бағандарды, және қоршауларды ақтау, бөлшектелген екі қабатты үй ғимаратының аумағын тазарту, арам шөп отау, 4 қоғамдық құдықты, селоның белгі тасын (ескерткіш) жөндеу. Гүл бақшаларын қайта қазу, егу, отау және суару – 65 шаршы метр.

Әкім аппараты ғимаратын, Половников орта мектебін жөндеу – 1106 шаршы метр.

17

Борис-

Романов селосы

Борис-Романов селосының аумағын жинастыру – 9000 шаршы метр, бордюрлерді, ағаштарды, бағандарды, қақпаларды ақтау, шөп шабу, ағаштарды түзеп кесу, қоқыс шығару. Гүл клумбаларын қайта қазу, отау және қолмен суару – 70 шаршы метр, көшеттер отырғызу және оларды күту.

Мектептің қосымша құрылысын, әкім аппараты ғимаратын, фельдшерлік-акушерлік пунктті, поштаны, кітапхананы жөндеу – 990 шаршы метр.

18

Надеждин селолық округі

Надеждин селосының аумағын жинастыру – 4000 шаршы метр; көшелер, саябақ, стадион – 5400 шаршы метр, зират – 50000 шаршы метр, шарбақты сырлау – 100 шаршы метр, ағаштар мен талдарды түзеп кесу, ағаштарды ақтау, шөп шабу, қоқыс шығару. Гүл клумбаларын қайта қазу, отау және қолмен суару – 100 шаршы метр. Әкім аппараты ғимаратын жөндеу – 120 шаршы метр.

383 аулада халық және қосалқы шаруашылық санағын жүргізу.

19

Жамбыл селолық округі

Жамбыл селолық округінің аумағын жинастыру: көшелерді, скверді, аллеяны, зиратты, талдар мен ағаштарды түзеп кесу, бордюрлерді, ағаштарды, бағандарды ақтау, қақпалар мен фасадтарды сырлау – 75000 шаршы метр. Соғысқа қатысқандарға ескерткішті жөндеу.

Гүл клумбаларын қайта қазу, егу, отау, және суару – 250 шаршы метр. Қоқыс шығару.

20

Затобол кенті

Затобол кентінің аумағын жинастыру – 334679 шаршы метр: тротуарларды жаяу жүргінші жолдарын, әкімшілік ғимараттар маңындағы қарды тазарту, Калинин, Терешкова, Попович, Школьный, Қалабаев, 40 лет Октября, Ленин, Механизаторлар, Семин көшелеріндегі, орталық алаңдағы, ескерткіш маңындағы қоқыстарды жинастыру, кенттегі жол бойын, зиратты, айналып өтетін жолдарды тазарту, мерекелік іс-шараларға байланысты алаңды дайындауға және ол өткен соң жинастыруға көмек көрсету, ағаштар мен талдарды түзеп кесу, кеуіп қалған ағашты арамен кесу, жас көшеттерді отырғызу және оларды күту, бордюрлерді, ағаштарды, бағандарды ақтау, шарбақтарды сырлау, шөп шабу, гүл клумбаларын қайта қазу, қоқысты тиеу және шығару.

21

"Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтау бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек.

22

"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Түрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге, әскери қызметтен өту үшін азаматтарды шақыруға шақыру қағаздарын ресімдеуге және жеткізуге көмек.

23

"Қостанай ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Түрлі құжаттарды өңдеу және халықпен жұмыс бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек.

 

Қоғамдық жұмыстарды орындаудың шарттары:
 

      Қоғамдық жұмыскердің жұмыс күні бес күндік жұмыс аптасында сегіз сағаттан аспайды. Төлем ай сайын жүргізіледі және ол орындалған жұмыс көлеміне байланысты есептеледі. Еңбекті қорғау заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмысшы арнайы киіммен, құрал сайманмен қамтамасыз етіледі; қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек жарақатына немесе басқа да ауытқуларға әкелген, денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге, уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне әлеуметтік жәрдемақылармен қамтамасыз етіледі; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынмен, мемлекеттік мекемелермен еңбек, зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады