2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, кәсіпорынды бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурызда № 38 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда № 9-16-90 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.03.26 № 64 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы", мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 9243, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
      2. Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң "Атамекен" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны (келісім бойынша) 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорын болып бекітілсін.
      3. "Науырзым ауданының қаржы бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесінің бастығы көрсететін жұмыстар мен қызметтерді қаржыландырарда қоғамдық жұмыстар мен қызметтердің түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х. С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                           Т. Ташмағамбетов 

Науырзым ауданы әкімдігінің 
2009 жылғы 11 наурыздағы   
№ 38 қаулысымен бекітілген  

2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға арналған
қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі,
қоғамдық жұмыстарды жүргізетін кәсіпорын

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінді қағаз кестесінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады