Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 163 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 4 маусымда № 9-20-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2010.07.28 № 346 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3–бабының 2–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 1–тармағының 8)-тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Федоров ауданының аумағында ұсынылған иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Мәслихаттың 2005 жылғы 2 наурыздағы "Федоров ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы" № 144 шешімі (2005 жылғы 25 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуіндегі № 3405 Тізіліміне тіркелген, "Федоровские новости" газетінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 16 жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті
      сессияның төрағасы                         А. Сергеев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     С. Сералинова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданы бойынша
      мемлекеттік cанитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______________ Б. Бекмұхамбетов

      "Федоров ауданының ауыл
      шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ А. Василенко

      "Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігінің агроөнеркәсіптік
      кешеніндегі мемлекеттік
      инспекция комистетінің
      Федоров аумақтық аудандық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы
      ________________ Е. Сечная

      "Қостанай облысы Федоров
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Е. Файзуллин

Мәслихаттың               
2009 жылғы 22 сәуірдегі   
№ 163 шешімімен бекітілген

Федоров ауданының аумағында иттер мен
мысықтарды ұстау Ережесі

      Осы Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Ветеринария туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген. Ереже Федоров ауданында иттер мен мысықтарды ұстау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу тәртібін реттейді.
      Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға қолданылады.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Федоров ауданының аумағында қолданылады.
      2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      1) ит - үй жануары, сүт қоректі, қасқыр тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      2) мысық – үй жануары, сүт қоректі, мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      3) иесі – ит пен мысықтың асыраушысы, күтуші адам не болмаса иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
      4) иесіз жануарлар – тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
      5) иттер мен мысықтарды серуенге шығару – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.

2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау

      3. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, сондай-ақ барлық көлік түрлерімен аудан ішінде, ауданнан тысқары жерлерде, саяжай серіктестіктері аумақтарында тасымалдау әрекеттері құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген уақыты белгіленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана ұсынылады.
      4. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындалады.
      5. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ережені сақтаған жағдайда қамтамасыз ету:
      бір ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      бірнеше от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзіне тиесілі аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келісімімен);
      мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары, коммерциялық емес бірлестіктерде және демалыс орындарында иттерді байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауіпсіздік келтірмейтін және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      6. Қаладағы көп қабатты, көп пәтерлі тұрғын үйдегі бір отбасына саны екіден көп емес үлкен және орта мөлшердегі ересек иттер мен үш мысықты, үш айлық мерзімге дейінгі күшіктерді ұстауға ұсынады. Үш айдан асқан күшіктер мен мысықтар жаңа иелеріне берілуі немесе қараусыз иттер мен мысықтарды ұстаумен және аулаумен айналысатын мекемелерге тапсырылады.
      7. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатахана дәліздерінде ұстауға болмайды.
      8. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкімшілігінің рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелері итімен немесе мысығымен бірге тұрақтай алады.
      9. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда жердің заңды иегерінің рұқсатымен немесе басқа да өкілетті тұлғаның келісімімен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына, ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиіс. Осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіре берісте жазу болуы керек.
      10. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық–санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда саны екіден көп иттерді ұстауға болады.

5-тарау. Иттер мен мысықтарды серуенге
шығарудың тәртібі

      Итті серуенге шыңарғанда иесі келесі талаптарды орындайды:
      11. Иттерді тұмылдырықпен және қысқа мойын жіппен, осы Ережедегі 17–тармақта көрсетілген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
      12. Иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында алып жүруге болады.
      13. Иттердің иелері үнемі иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген жетон бекітілген қарғы бауы тағылады. Иесінің тілегі бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлімет болуы мүмкін.
      14. Иттердің иелері иттерін тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде 23.00. мен 07.00.сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етеді.
      15. Иесі ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, итін қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен, өздігінен шешіліп кетпейтіндей етіп байлап, басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәртіпті бұзбайтын, қозғалыстарға және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Әрине, егер ит жүргіншілердің жүріп тұруына кедергі болмауы керек.
      16. Көше қиылыстары мен магистралды жолдардан өткен кезде иттің иесі жол-көлік оқиғаларын және итті көліктің басып кетпеуін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауды ұсынады.
      17. Иттердің иелеріне рұқсат етілмейді:
      1) жануарларды рұқсат етілген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейінгі және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерінің, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, тыйым салынған ескерту белгісі бар жерлерде серуендетуге;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетін жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын жануарлармен бірге болуға.
      18. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
      19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ит немесе мысық аурулар түрімен ауырған деп танылса, аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспектордың шешімімен, немесе соттың шешімімен иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Егер де ит ауру емес деп танылса, онда ол иесіне қайтарылуы тиіс.
      20. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы тұрғандарынан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселелерін жинайтын арнайы қызметтермен аулануға жатады.
      21. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдарымен аулаудың жағдайлары реттелген келісім-шарт жасаған арнайы ұйымдар тарапынан жүзеге асады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.

4-тарау. Ереженің сақталуын бақылау

      22. Федоров ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерінің тұрғындар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттілік берген мемлекеттік органдар: санитарлық–эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау мекемелері, ішкі істер органдары, тұрғын-үй пайдалану органдары жүзеге асырады.

5-тарау. Жануарлар иелерінің осы Ережелерді
бұзғандары үшін жауапкершілігі

      23. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің сәйкес ветеринарлық-санитарлық ережелер мен тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады