Жер салығының ставкалары туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 77/12 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 сәуірде N 59 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 қарашадағы N 93/23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 21.11.2013 N 93/23 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Салық кодексінің 378379381383 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларын 50 пайызға көбейту жерлердің келесі санаттары бойынша бекітілсін:
      1) ауыл шаруашылық жерлері;
      2) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық жерлері;
      3) елді мекендердің жерлері (үй жанындағы жер учаскелерін қоспағанда);
      4) елді мекендердің жерлерінде орналаспаған өнеркәсіп жерлері.
      2. Аудандық Мәслихаттың 2005 жылғы 16 наурыздағы "Жерге салынатын негізгі салықтар ставкасына түзету енгізу туралы" N 7/13 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3006 нөмірмен тіркелген, "Ауыл тынысы" газетінде 2005 жылғы 30 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
      3. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Жерге арналып бекітілген базалық салық ставкаларының түзетілген коэффициенттері туралы" N 65/11 шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Н. Сматаева

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады