"Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 444 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 01 шілдедегі N 741 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 шілдеде N 13-1-156 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 308 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010.03.17 N 308 Қаулысымен

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5-4) тармақшасына, 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Петропавл қаласы халқының мақсатты топтарға жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 444 қаулысына (2009 жылғы 24 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-152, «Қызылжар нұры» газетінің 2009 жылғы 1 мамырдағы № 18 саны, «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 1 мамырдағы № 18 санында жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) еңбекақысы сақталусыз демалыстағы тұлғалар;
      5) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
      6) өндіріс тоқтап тұрғандықтан жұмыспен уақытша қамтылмаған тұлғалар;
      7) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      8) өз тілегі бойынша жұмыстан шыққан тұлғалар;
      9) орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде);
      10) 25-ті қоса жасқа дейінгі жастар».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл
      қаласының әкімі                                  Е. Нұрақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады