Мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 191 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 мамырда N 13-11-148 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 200 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012.02.28 N 200 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына, Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 Қаулысына сәйкес жұмыспен қамту саласындағы қосымша мемлекеттік кепілмен қамтамасыздандыру және аудандағы нарық жағдайы есебімен жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарының түлектері;
      2) мекемелердің штаттар санының қысқартылуымен байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.
      2. Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уақытында мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша көмек көрсету шарасымен қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.И. Турковқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   А. Маковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады