Халықтың мақсатты тобына жататын, Тайынша ауданы аумағында тұратын, 2012 жылға қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 200 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 наурызда N 13-11-227 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 02.10-07-02-02 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 03.01.2013 N 02.10-07-02-02 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудандық еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың мақсатты тобына жататын, Тайынша ауданы аумағында тұратын, 2012 жылға қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан жоғары жастағы тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      4) мүлдем жұмыс істемейтін отбасыларын тұлғалары.
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Күшін жойды деп танылсын:
      1) «Мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 312 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 13-11-129 тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 29 тамыздағы № 36 «Тайынша таңы», 2008 жылғы 29 тамыздағы № 36 «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған);
      2) «Мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 05 мамырдағы № 191 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 05 мамырдағы № 13-11-148 тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырдағы № 21 «Тайынша таңы», 2009 жылғы 22 мамырдағы № 21 «Тайыншинские вести» газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Н.Н. Трифоновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады