Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 20 "2009 жылға Тимирязев аудан аймағында тұратын, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 74 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 сәуірде N 13-12-87 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 «2009 жылға Тимирязев аудан аймағында тұратын, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін анықтау туралы» қаулысына (2009 жылғы 7 наурыздағы № 10 «Нива» аудандық газетке жарияланған нормативті құқықтық актілер № 13-12-84 мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген) келесі толықтырулар енгізу:
      Қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда қаулыға қосымша баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            Б. Жұмабеков

2009 жылғы 14 сәуірдегі № 74
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
 

2009 жылғы 10 ақпандағы № 20
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

2009 жылға халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың
қосымша тізімі

      1. 24 жасқа дейінгі жастар;
      2. 50 жастан жоғары тұлғалар:
      3. Бір жылдан артық мерзімде жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4. Жоғары және орта арнайы оқу орындарының түлектері;
      5. Аудан ұйымдарынан және кәсіпорындарынан босатылған жұмысшылар;
      6. Жұмыспен қамту сұранысы бойынша уәкілдік органдардың жолдауымен кәсіптік оқытуды бітірген жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады