Облыс әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 355 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 2557 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдығы N 151 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.05.24 N 151 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2546 санымен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырдағы "Атырау" газетінің 58 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Білім беру басқармасының "Білім беру қызметін лицензиялау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      8 тармақтағы:
      "12 730 (он екі мың) теңге" деген сөздер "10 (он) айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 190 "Облыс әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Аманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі                                       Б. Рысқалиев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады